«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2024 ж.

    «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларында:

    1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1-тарау. Жалпы ережелер»;

    2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-тарау. Рұқсаттама беру тәртібі»;

    4-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Енгізілетін ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде келісілуге тиіс.

    7. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған фактілер анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Рұқсаттама беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта портал арқылы жүзеге асырады.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы қаулыға 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    Қазақстандық шағын көлемді

    өздігінен жүзетін және өздігінен

    жүзбейтін (суүсті және суасты)

    кемелердің (құралдардың) және

    мұз үстімен жылжитын құралдардың

    Қазақстан Республикасының аумақтық

    суларына (теңізіне) және ішкі суларына

    шығуына рұқсаттамалар беру

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама алуға ұсыну

    _________________________________ аумақтық бөлімше бастығына (начальнику территориального подразделения _______________________)

    Ұсыну (Представление)

    Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________________ (Прошу выдать пропуск на выход в море)

    _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица)

    Мақсаты (с целью)_____________________________________________________________ Уақыты (время)_______________________________________________________________ _______________________________________________ ауданында аумақтық суларда болу (нахождение в территориальных водах в районе)

    ____________________________________________________________________________ Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) _________________________________________ Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) __________________________________ Жүзу құралы тіркелімге алынған жер (место приписки плавсредства): ________________

    _____________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға) қоса берілген тізімге сәйкес саны ___________ дана рұқсаттама (гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)

    Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі ________________________________________ (К представлению прилагаются следующие документы) ____________________________________________________________________________ лауазымы (должность)

    қолы (подпись) ___________________ ________________________________ (күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)

    М.О.

    (екінші жағы)

    Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі

    Р/с №
    Т.А.Ә. (бар болса)
    Туған жылы, күні, айы,
    Тұратын жерінің мекенжайы
    Жұмыс орны, лауазымы
    Жеке басын куәландыратын құжаттың №
    Азаматтығы
    Ескертпе
    1
    2
    3

    Жиыны: ___________________________________________________________ (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

    Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:

    Р/с №
    Техникалық құралдардың атауы
    Мемлекеттік тіркеу нөмірі
    Капитанның Т.А.Ә. (бар болса)
    Ескертпе
    1
    2
    ___________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстандық шағын көлемді

    өздігінен жүзетін және өздігінен

    жүзбейтін (суүсті және суасты)

    кемелердің (құралдардың) және

    мұз үстімен жылжитын құралдардың

    Қазақстан Республикасының аумақтық

    суларына (теңізіне) және ішкі суларына

    шығуына рұқсаттамалар беру

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама

    Қайда ________________________

    _______________________________

    Кімге ___________________________

    (бастамашының мекенжайы

    және анықтау деректері)

    Хабарлама

    Сіздің 20___жылғы «____» ______ өтінішіңізге ___________ ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты ________________________________ _________________________________________ құжаттарды толық көлемде ұсынбауға байланысты Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз _________________ ___________________________________________________________________________ (шағын көлемді өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін (су үсті және су асты) кеменің (құралдардың) және мұз үстімен қозғалу құралдарының түрі)

    ___________________________________________аумақтық бөлімше бастығы (лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

    20___ жылғы «___» ___________ (күні, айы, жылы)

    М.О.

    ____________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.