«2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2024 ж.

    «2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы каулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Карашукеев

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «__»_________

    № ___ қаулысына қосымша

    Жамбыл облыс әкімдігінің

    2024 жылға «3» сәуірдегі

    № 76 қаулысына 2-қосымша

    2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

    Басым дақылдар атауы
    Өлшем бірлігі
    тонна, гектар
    Субсидия нормасы, теңге
    1
    Қант қызылшасы
    тонна
    25 000
    2
    Қант қызылшасы
    (Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ақсу қант зауытына тасымалданған өнім үшін)
    тонна
    45 000
    3
    Дәндік жүгері
    тонна
    20 000
    4
    Майлы дақылдар:
    тонна
    20 000
    -
    оның ішінде күнбағыс
    тонна
    20 000
    -
    оның ішінде мақсары
    тонна
    20 000
    5
    Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
    гектар
    5 000 000
    6
    Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
    гектар
    3 000 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.