Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1375 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
Е. Досаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.