Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қазан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

    «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мына:

    1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 227 бұйрығының;

    2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 401 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    А.Н. Есқараев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.