Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 81 Бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Жобалау кезінде МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді.

    Бұрын қолданыста болған құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жобаланған және қолданысқа енгізілген объектілерді қоспағанда, МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамы және олардың ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келеді.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. МДҰ-ды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қозғалатын төсектерді орналастыру үшін қосымша орынның болуы ескере отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі.

    Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.»;

    139-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) ауданы кемінде 8 м2 балалардың есептік саны 30-дан аспайтын МДҰ-дағы бір дәретхана бөлуге;»

    санитариялық қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:

    5- тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) үздіксіз инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі.

    Спорт аймағының, жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-интернаттардың демалыс аймағының 50 % алаңында 2,5 сағат үздіксіз инсоляцияға жол беріледі;»;

    5- тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың және мектеп-интернаттардың оқу үй-жайларында инсоляцияның ұзақтығы үзіліссіз, мынаны:

    солтүстік аймақта 2,0 сағат (солтүстік ендікте 48° солтүстікте) және одан артықты;

    оңтүстік аймақта 1,5 сағат (солтүстік ендікте 48° оңтүстікте) және одан артықты құрайды.

    Жалпы білім беретін ұйымдарда көрсетілген инсоляция орта және жоғары сыныптардың оқу үй-жайларының 60 пайызына үшін қабылданады.».

    3. «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    санитариялық қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 81 Тізбеге

    1-қосымша

    «Мектепке дейінгі ұйымдарға

    және сәбилер үйлеріне қойылатын

    санитариялық-эпидемиологиялық

    талаптар» санитариялық

    қағидаларына

    2-қосымша

    Мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлары мен олардың аудандары

    Кесте

    Киініп-шешінетін орын
    1 балаға кемiнде 0,7 м2 есебінен
    ойын бөлмесi
    бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 2,0 м2 есебінен
    буфет-тарату орны
    кемiнде 3,8 м2
    жатын бөлмесі
    бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 1,8 м2 есебінен
    типтік МДҰ үшін дәретхана бөлмесі:
    мектеп жасына дейінгі топтар үшін
    кемiнде 16 м2
    бөбектер жасындағы
    кемiнде 12 м2
    бейімделген ғимараттарда орналасқан МДҰ-ға арналған дәретхана бөлмесі, оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ға
    кемiнде 8 м2
    Ескертпе:
    м2- шаршы метр.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 81 Тізбеге

    2-қосымша

    «Коммуналдық мақсаттағы

    объектілерге қойылатын

    санитариялық-эпидемиологиялық

    талаптар» санитариялық

    қағидаларына

    1-қосымша

    Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлері және судың температурасы

    Үй-жай­лар
    Су тем­пе­ра­ту­ра­сы, °С
    Ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы, ºС
    Са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, %
    1 са­ғат­та ауа ал­ма­су па­ра­метр­ле­рі
    Ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы м/сек
    іш­ке со­ру
    сырт­қа та­ра­ту
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ере­сек­тер­ге ар­нал­ған бас­сейн ша­ра­сы
    24-26
    -
    -
    -
    -
    -
    2
    Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бас­сейн ша­ра­сы
    30-32
    -
    -
    -
    -
    -
    3
    Бас­сейн зал­да­ры
    -
    Су тем­пе­ра­ту­ра­сы­нан 1-2 жо­ға­ры
    60 % ар­тық емес
    1 ке­лу­ші­ге ке­мін­де 80 м3/сағ, 1 кө­ре­рмен­ге ке­мін­де 20 м3/сағ.
    0,5 ар­тық емес -
    4
    Жат­тығу дай­ын­дау за­лы
    -
    18
    -
    1 ке­лу­ші­ге ке­мін­де 80 м3/сағ
    0,2 ар­тық емес -
    1 са­ғат­та ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі
    5
    Ки­і­ніп-ше­ші­не­тін орын
    -
    25
    -
    Се­без­гі­лер­ді есеп­ке ала оты­рып, тең­ге­рім бой­ын­ша
    2 (се­без­гі­лер­ден)
    -
    6
    Се­без­гі бөл­ме­сі
    -
    25
    -
    5
    10
    -
    7
    Мас­саж бөл­ме­сі
    -
    22
    -
    4
    5
    -
    8
    Сау­на ка­ме­ра­ла­ры
    -
    120-дан ар­тық емес
    -
    -
    5 (адам жоқ кез­де мер­зім­дік іс­ке қо­сы­ла­тын)
    -
    9
    Су­ды тал­да­у­ға ар­нал­ған зерт­ха­на
    -
    18
    -
    2
    3
    -
    Ескертпе: ашық бассейндердегі судың температурасы жаз мезгілінде плюс 27°С, қыста плюс 28°С, жүзіп үйренушілер үшін плюс 29°С деңгейінде сақталады.
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    °С – градус Цельсий;
    % – пайыз;
    м/сек – секундына метр;
    м³/сағ – сағатына текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.