«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2024 ж.

    «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеушілік құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:

    3-1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

    «3-1-параграф. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдау

    17-1. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

    17-2. Қолданыстағы реттеуші актілердің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді және Кодекстің 81-1-бабында көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау олардың талдау нысанасы болып табылады.

    17-3. Талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;

    2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес реттеуші актілерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру;

    3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.

    17-4. Қолданыстағы реттеуші акт реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орындауы үшін міндетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда,талдамалық нысанды толтыру орынсыз деп танылады және Кодекстің 83-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.

    17-5. Уәкілетті орган қарауының нәтижелері бойынша талдамалық нысан келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік актіні талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды қалыптастырылады.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатқан Парламент Палаталарынан келіп түскен Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша, сондай-ақ Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша және балама тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау бойынша, оларды өткізу күніне дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын олардың өткізілетін күні мен басталатын және аяқталатын уақыты туралы:

    мүдделі тұлғаларды – өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы;

    уәкілетті органды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын/Өңірлік кәсіпкерлер палатасын, мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің мүшелерін; мүдделі мемлекеттік органдарды – жазбаша хабарлама арқылы;

    бұқаралық ақпарат құралдарын – баспасөз релизі арқылы хабардар етеді.»;

    22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талдамалық нысан мен құжаттардың жобалары келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы және осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды толтырудың дұрыстығы тұрғысынан қарайды.

    Уәкілетті орган Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша әзірленген белгілі бір реттеушілік құралды немесе талапты енгізуге не белгілі бір талапты қатаңдатуға арналған талдамалық нысанды олардың келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары бойынша – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.

    Қараудың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) қалыптастырылады.»;

    24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Уәкілетті орган «Ашық НҚА» порталында оң қорытындыны орналастырумен бір уақытта реттеуші мемлекеттік органға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәлімет үшін тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

    Кәсіпкерлік басқармасы өңірлік маңызы бар актілер бойынша оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші орган әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеуші органның талдамалық нысанын әзірлеуші органның ресми интернет-ресурсында орналастырады және әзірлеуші органға және Өңірлік кәсіпкерлер палатасына тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

    Уәкілетті орган оң қорытындыда «Ашық НҚА» порталында жарияланған күннен бастап реттеушілік әсерді талдау мерзімін баламалы тәртіппен 15 (он бес) жұмыс күні, ал белгілі бір реттеуші құралды немесе талапты енгізуге реттеушілік әсерді талдау не Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша белгілі бір талапты қатаңдату бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу мерзімін, баламалы тәртіппен «Ашық НҚА» порталында жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні деп белгілейді.

    Балама тәртібінде реттеушілік әсерге талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және қоғамдық талқылаулардың есебін уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді, ал өңірлік маңызы бар актілер бойынша әзірлеуші органның назарына кәсіпкерлік басқармасы жеткізеді.

    Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға балама тәртібінде реттеушілік әсерге талдаудың қорытындысымен келісу/келіспеу туралы жауап жолдайды.

    25. Теріс қорытынды болған жағдайда реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың талдамалық нысанын және (немесе) жобаларын пысықтайды.

    Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар пысықталған құжаттарды уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін сақтамауы реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның ұсынылатын реттеуден бас тартуы болып табылады және (немесе) ұсынылған реттеуді басқа нұсқамен ауыстырған кезде РӘТ рәсімі қайтадан жүргізіледі.

    Пысықталған құжаттар уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде қайталап ұсынылады және осы параграфқа сәйкес қаралады.»;

    Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    Н. Байбазаров

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Ұлттық

    экономика министрі

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 88

    бұйрығына қосымша

    Реттеушілік әсерді талдауды

    жүргізу және пайдалану

    қағидаларына

    3-қосымша

    Жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны

    1-ҚА­ДАМ: Про­бле­ма­ны анық­тау және рет­теу мақ­сат­та­ры
    Про­бле­ма­ны анық­тау және про­бле­ма­ның бо­лу се­беп­те­рі (3 сөйлем­нен ас­пай­тын, ер­кін ны­сан­да­ғы мәтін, мақ­сат­ты топ­ты және се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сты көр­се­ту қа­жет)
    Про­бле­ма­ның бо­лу фак­ті­сін дәлел­дей­тін және оның ауқы­мын көр­се­те­тін де­ректер бар ма (сан­дық өл­шем­де)
    Жоқ ___
    Иә ___ (олар­ды си­патта­ңыз және олар­дың мән­де­рін кел­ті­рі­ңіз)
    Ен­гі­зі­ле­тін рет­те­удің мақ­са­ты қан­дай
    2-ҚА­ДАМ: Рет­те­гіш құ­рал­дар­ды/та­лап­тар­ды анық­тау
    Ен­гізу­ге ұсы­ны­ла­тын рет­те­гіш
    құ­рал/та­лап
    Қол­да­ны­с­та­ғы рет­те­гіш құ­рал/та­лап
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті құқық­тық рет­те­удің сол са­ла­сын­да қол­да­ны­с­та­ғы рет­те­гіш құ­рал­дар шең­бе­рін­де алып та­ста­у­ға ұсы­ны­ла­тын қол­да­ны­с­та­ғы та­лап­тар*
    1.
    2.
    * осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-па­ра­гра­фы­ның 10-тар­ма­ғы­на сәй­кес
    3-ҚА­ДАМ: іс­ке асы­ру те­тікте­рі және ық­ти­мал тәу­е­кел­дер
    * 7-ҚА­ДАМ заң­ды жа­у­ап­кер­ші­лік ен­гі­зі­л­ген кез­де қо­сым­ша тол­ты­ры­ла­ды
    Ық­ти­мал тәу­е­кел­дер және күт­пе­ген сал­дар
    Іс­ке асы­ру те­ті­гі (әзір­ле­не­тін жо­ба ая­сын­да көз­дел­ген іс­ке асы­ру те­тікте­рі си­патта­ла­ды)
    Ұсы­ны­ла­тын рет­те­гіш құ­рал және (неме­се) та­лап­тар
    1. Ен­гі­зу мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі_________.
    2. Қой­ы­л­ған ин­ди­ка­тор­лар­ға қол­же­тім­ді­лік­ті рет­те­уді ен­гізу­ге және ба­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға жа­у­ап­ты уәкі­лет­ті ор­ган______________________.
    4-ҚА­ДАМ: Пай­да мен шы­ғы­сы­лар­ды са­лы­стыр­ма­лы тал­дау
    4.1. Жал­пы қо­ғам­ға және ха­лық­қа әсе­рі
    Эко­но­ми­ка­лық жүй­е­нің мы­на­дай:
    1. Ха­лық­тың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне (эко­но­ми­ка­лық­ты қо­са ал­ған­да) әсе­рі (ха­лық­тың та­быст­а­ры мен шы­ғы­ста­ры, өмір сү­ру ұз­ақ­тығы, ке­дей­лік дең­гейі және бас­қа­ла­ры)
    2. Эко­ло­ги­я­ға әсе­рі.
    3. Тұ­ты­ну­шы таң­да­уы­ның өзге­руі.
    4. Бөл­шек са­уда ба­ға­ла­ры­ның өзге­руі.
    5. Бас­қа­сы си­яқ­ты эле­мент­те­рін ес­ке­ре оты­рып, жал­пы эко­но­ми­ка­лық жүй­е­ге әсер ет­кен кез­де әр рет­те­гіш құ­рал­дың және (неме­се) та­лап­тың пай­да­сы мен шы­ғы­сы­ла­ры­ның си­патта­ма­сын ер­кін ны­сан­да жүр­гі­зі­ңіз
    Бо­лжа­нып отыр­ған ер­кін ны­сан­да рет­те­удің сал­да­рын ал­дын ала­бо­лжау қа­жет.
    «Рет­те­гіш құ­рал­дар­дың және (неме­се) та­лап­тар­дың рет­те­у­ші­лік әсе­рін тал­да­удың тал­да­ма­лық ны­са­нын тол­ты­ру жө­нін­де­гі тү­сін­дір­ме­де­гі» ұсы­ным­дар­ға сәй­кес және 1а ны­са­ны бой­ын­ша биз­нес үшін шы­ға­сы­лар­ды мо­не­ти­за­ци­я­ла­ңыз және есеп­те­ңіз.
    Пай­да
    Шы­ға­сы­лар
    Ен­гізу­ге ұсы­ны­ла­тын рет­те­гіш
    құ­рал/та­лап
    Қол­да­ны­с­та­ғы рет­те­гіш құ­рал/та­лап
    Жиы­ны
    4.2. Биз­неске әсе­рі
    Мы­на­лар­ды мін­дет­ті түр­де:
    Кә­сі­по­рын­дар­дың өнім­ді­лі­гі мен бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лі­гіне ық­пал ету­ін, кә­сі­по­рын­дар­дың кі­рі­сті­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғы­на, оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лар мен да­муы­на әсер ету­ін және бас­қа­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, ер­кін ны­сан­да әр рет­те­гіш құ­рал­дың пай­да­сы мен шы­ғы­сы­ла­ры­ның және (неме­се) оның биз­неске әсер етуі ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың си­патта­ма­сын жүр­гі­зі­ңіз.
    Бұл рет­те, мы­на­дай көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша (бо­лжам­ды түр­де) есеп жүр­гі­зу қа­жет:
    - өнім өн­ді­ру кө­ле­мі;
    - ре­сур­стар­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар;
    - кә­сі­по­рын қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны;
    - жыл­дық ор­та­ша та­быс;
    - са­лық­тық ауда­рым­дар;
    - кә­сі­по­рын қыз­мет­кер­ле­рі­нің жа­ла­қы­сы;
    - мем­ле­кет­тік са­тып алу­да­ғы ша­ғын және ор­та биз­не­стің үле­сі;
    - экс­порт;
    - бас­қа.
    «Рет­те­гіш құ­рал­дар­дың және (неме­се) та­лап­тар­дың рет­те­у­ші­лік әсе­рін тал­да­удың тал­да­ма­лық ны­са­нын тол­ты­ру жө­нін­де­гі тү­сін­дір­ме­де­гі» ұсы­ным­дар­ға сәй­кес және 1б ны­са­ны бой­ын­ша биз­нес үшін шы­ға­сы­лар­ды мо­не­ти­за­ци­я­ла­ңыз және есеп­те­ңіз.
    Пай­да
    Шы­ға­сы­лар
    Ен­гізу­ге ұсы­ны­ла­тын рет­те­гіш
    құ­рал/та­лап
    Ша­ғын биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    Ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    Ірі биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    Қол­да­ны­с­та­ғы рет­те­гіш құ­рал/та­лап
    Ша­ғын биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    Ор­та биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    Ірі биз­нес субъ­ек­ті­ле­рі
    1а ны­са­ны бой­ын­ша биз­неске ар­нал­ған шы­ға­сы­лар
    Жиы­ны
    4.3 Мем­ле­кет­тік би­лік ор­ган­да­ры­на және эко­но­ми­ка­лық жүй­е­ге әсе­рі
    Мін­дет­ті түр­де:
    1. Ел­дің бюд­же­тіне ық­па­лын (са­лық тү­сім­де­рі­нің өсуі).
    2. Эко­но­ми­ка­лық, сы­бай­лас жем­қор­лық тәу­е­кел­де­рін қо­са ал­ған­да, қыл­мысқа ық­па­лын 3. Та­у­ар­лар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, ка­пи­тал­ды және жұ­мыс кү­шін ер­кін өт­кізу­ге, сон­дай-ақ ха­лы­қа­ра­лық са­уда­ға және ха­лы­қа­ра­лық ин­ве­сти­ци­я­лық ағым­дар­ға әсе­рін
    4. Эко­но­ми­ка­лық өсу үшін жал­пы сал­дар­ды
    5. Жұ­мыспен қам­ту­ға, жұ­мыс орын­да­ры­на ық­па­лын
    6. Бас­қа­сын ес­ке­ре оты­рып, әр рет­те­гіш құ­рал­дың және (неме­се) оның мем­ле­кет­тік би­лік ор­ган­да­ры­на және жал­пы қо­ғам­ға әсер етуі ке­зін­де­гі та­лап­тар­дың пай­да­сы мен шы­ғы­ста­ры­ның си­патта­ма­сын ер­кін ны­сан­да жа­зып алы­ңыз.
    «Рет­те­гіш құ­рал­дар­дың және (неме­се) та­лап­тар­дың рет­те­у­ші­лік әсе­рін тал­да­удың тал­да­ма­лық ны­са­нын тол­ты­ру жө­нін­де­гі тү­сін­дір­ме­де­гі» ұсы­ным­дар­ға сәй­кес және 1а ны­са­ны бой­ын­ша биз­нес үшін шы­ға­сы­лар­ды мо­не­ти­за­ци­я­ла­ңыз және есеп­те­ңіз.
    Пай­да
    Шы­ға­сы­лар
    Ен­гізу­ге ұсы­ны­ла­тын рет­те­гіш
    құ­рал/та­лап
    1б ны­са­ны бой­ын­ша­әкім­ші­лен­ді­ру­ге ар­нал­ған шы­ға­сы­лар
    Қол­да­ны­с­та­ғы рет­те­гіш құ­рал/та­лап
    1б ны­са­ны бой­ын­ша әкім­ші­лен­дірк­ге ар­нал­ған шы­ға­сы­ла­ры
    Жиы­ны
    5-ҚА­ДАМ: Ба­ға­лау және мо­ни­то­ринг ин­ди­ка­тор­ла­ры
    «Про­бле­ма­ның бо­лу фак­ті­сін дәлел­дей­тін және оның ауқы­мын көр­се­те­тін де­ректер» де­ген 1-қа­дам­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген де­ректер­ді ес­ке­ре оты­рып, ин­ди­ка­тор­лар­ды анық­та­ңыз
    1-ин­ди­ка­тор
    2-ин­ди­ка­тор
    3-ин­ди­ка­тор
    4-ин­ди­ка­тор
    Цифр­лық өл­шем­де осы ин­ди­ка­тор­лар­ды көр­се­ті­ңіз
    1-ин­ди­ка­тор
    2-ин­ди­ка­тор
    3-ин­ди­ка­тор
    4-ин­ди­ка­тор
    Мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу әді­сте­рін көр­се­ті­ңіз (мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка неме­се ве­дом­ство­лық де­ректер ба­за­сын­да ста­ти­сти­ка­лық тал­дау, әле­умет­тік са­у­ал­на­ма­лар, са­рап­та­ма­лық сұх­бат.)
    1-ин­ди­ка­тор
    2-ин­ди­ка­тор
    3-ин­ди­ка­тор
    4-ин­ди­ка­тор
    Рет­те­гіш құ­рал­ды қай­та қа­ра­удың ұсы­ны­ла­тын мер­зі­мі
    6-ҚА­ДАМ: Өзін-өзі рет­те­уді ен­гі­зу
    * мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­теу ен­гі­зі­л­ген жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды
    6.1 Өзін-өзі рет­те­удің оң­тай­лы құ­ры­лы­мын таң­дау
    Қыз­мет­тің, са­ла­ның, эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің, өн­ді­рі­л­ген та­у­ар­лар (жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер) на­ры­ғы­ның ор­тақ қа­ғи­да­тын негіз­ге ала оты­рып, мін­дет­ті өзін-өзі рет­теу ұй­ы­мы (бұ­дан әрі – ӨРҰ) ен­гі­зі­ле­тін қыз­мет са­ла­сын таң­да­удың негіз­де­ме­сі.
    Өзін-өзі рет­те­уді жыл­дар бой­ын­ша соң­ғы 5 жы­л­ға бө­ле оты­рып, ен­гі­зу жос­пар­лан­ған, жұ­мыс іс­теп тұр­ған кә­сі­би неме­се кә­сіп­кер­лік қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны.
    Мін­дет­ті ӨРҰ ен­гі­зі­ле­тін қыз­мет са­ла­сы­ның ұш­та­суын, мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру­мен ұш­та­суын не мем­ле­кет­тік ор­ган­дар орын­дай­тын бел­гі­лі бір функ­ци­я­лар­ды бе­ру қа­жет­ті­лі­гін негіз­деу.
    На­рық­тың мін­дет­ті өзін-өзі рет­те­уді ен­гізу­ге дай­ынды­ғын тал­дау (ер­кін ны­сан­да тол­ты­ры­ла­ды).
    Өн­ді­рі­ле­тін та­у­ар­лар­ға (жұ­мыстар­ға, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге) қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды қам­ти­тын тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­дің, стан­дарт­тар­дың және бас­қа да нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің тіз­бе­сі.
    Қа­уым­да­стық (одақ), қо­ғам­дық ұй­ым ны­са­нын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген өзге де ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан­да­ғы әре­кет­те­гі ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар­дың, оның ішін­де соң­ғы 5 жыл­да жыл­дар бой­ын­ша бө­ле оты­рып, тал­да­на­тын са­ла­да өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­дар­дың тіз­бе­сі, ор­на­лас­қан же­рі
    Әр жұ­мыс іс­теп тұр­ған ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым неме­се өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым бой­ын­ша:
    тал­дау жүр­гі­зу ке­зін­де осын­дай ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­ның құ­ра­мы­на кі­ре­тін субъ­ек­ті­лер са­нын, осын­дай ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­ның, өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның мү­ше­ле­рі тал­дау са­ла­сын­да­ғы на­рық­та өн­ді­рі­л­ген та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) жал­пы са­ны­нан өн­ді­рі­л­ген та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің кө­ле­мін көр­се­ту қа­жет
    6.2 Мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­те­уді ен­гі­зу ар­қы­лы ұсы­ны­ла­тын рет­те­удің нәти­же­лі­лі­гін бо­лжау
    Рет­теу нәти­же­лі­гін ба­ға­ла­удың 5 бал­дық жүй­е­сі
    5 – қа­ра­ла­тын са­лад­а­ғы / ая­да­ғы қыз­мет­тің бар­лық спек­трін қам­ту қам­та­ма­сыз еті­ле­ді; қо­ғам та­ра­пы­нан өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның са­ла­ны/ая­ны рет­те­уді және бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын ба­қы­ла­уды дер­бес қам­та­ма­сыз ету қа­бі­ле­тіне се­нім бай­қа­ла­ды; ша­ғым­дар мен қақ­тығ­ы­стар­ды қа­рас­ты­ру­дың ме­ха­низмде­рі бар; өңір­лер­де бай­ла­ныс тіз­бе­гі бар.
    Қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған са­ла­да/ая­да мү­ше­лі­гі мін­дет­ті жұ­мыс іс­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар бар.
    4 – қа­ра­ла­тын са­лад­а­ғы/ая­да­ғы қыз­мет­тің бар­лық спек­трін қам­ту қам­та­ма­сыз еті­ле­ді; қо­ғам та­ра­пы­нан өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның са­ла­ны/ая­ны рет­те­уді және бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын ба­қы­ла­уды дер­бес қам­та­ма­сыз ету қа­бі­ле­тіне се­нім бай­қа­ла­ды; ша­ғым­дар мен қақ­тығ­ы­стар­ды қа­рас­ты­ру те­тікте­рі бар; өңір­лер­де­гі бай­ла­ныс жар­ты­лай.
    Қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған са­ла­да/ая­да мү­ше­лі­лі­гі мін­дет­ті жұ­мыс іс­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар бар.
    3 – қа­ра­ла­тын са­лад­а­ғы/ая­да­ғы қыз­мет­тің бар­лық спек­трін қам­ту қам­та­ма­сыз еті­ле­ді; өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның са­ла­ны/ая­ны рет­те­уді дер­бес қам­та­ма­сыз етуі және бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі қа­лып­та­су са­ты­сын­да; ша­ғым­дар мен қақ­тығ­ы­стар­ды қа­рас­ты­ру те­тікте­рі бар; өңір­лер­де бай­ла­ныс жоқ.
    Қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған са­ла­да/ая­да мү­ше­лі­лі­гі мін­дет­ті жұ­мыс іс­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар бар.
    2 – қа­ра­ла­тын са­лад­а­ғы/ая­да­ғы қыз­мет­тің бар­лық спек­трін қам­ту жар­ты­лай; өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның са­ла­ны/ая­ны рет­те­уді дер­бес қам­та­ма­сыз етуі және бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі қа­лып­та­су са­ты­сын­да; ша­ғым­дар мен қақ­тығ­ы­стар­ды қа­рас­ты­ру­те­тікте­рі бар; өңір­лер­де бай­ла­ныс жоқ.
    Қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған са­ла­да/ая­да мү­ше­лі­лі­гі мін­дет­ті жұ­мыс іс­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар бар.
    1 – қа­ра­ла­тын са­лад­а­ғы/ая­да­ғы қыз­мет­тің қам­ту жар­ты­лай; өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның са­ла­ны/ая­ны рет­те­уді дер­бес қам­та­ма­сыз етуі және бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі қа­лып­та­су са­ты­сын­да, ша­ғым­дар мен қақ­тығ­ы­стар­ды қа­рас­ты­ру те­тікте­рі жоқ; өңір­лер­де бай­ла­ныс жоқ.
    Қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған са­ла­да/ая­да мү­ше­лі­лі­гі мін­дет­ті жұ­мыс іс­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар бар.
    6.3 Нәти­же­лі­лі­гі бой­ын­ша рей­тинг
    Нәти­же­лі­лік ба­лы (5 бал­дық жүйе)
    Ти­іс­ті балл бе­ру­ді тү­сін­ді­ру
    1-ба­ла­ма
    Екі және одан көп, нақ­ты са­ны көр­се­ті­ле­ді __________(қол­да­ны­с­та­ғы­лар баз­қа­сын­да)
    2-ба­ла­ма
    Өзге өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым (мы­са­лы, бір­не­ше жұ­мыс іс­теп тұр­ған өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­дар­ды бі­рік­ті­ре оты­рып бі­ре­уін құ­ру және бас­қа­ла­ры).
    6.4 Мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның ар­хи­тек­ту­ра­сы
    Мін­дет­ті ӨРҰ-ға мү­ше­лі­лі­гі:
    Заң­ды тұ­лға­лар/же­ке тұ­лға­лар
    Кә­сі­би қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке тұ­лға­лар­дың мү­ше­лі­лі­гін таң­дау ке­зін­де, оған сәй­кес же­ке тұл­ға­ның осы құқы­ғы көз­дел­ген нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер көр­се­ті­ле­ді
    7-ҚА­ДАМ: Заң­ды жа­у­ап­кер­ші­лік­ті ен­гі­зу
    7.1. Құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік ша­ра­ла­ры­ның жа­за­ла­у­шы си­па­ты­на жол бер­меу
    7.1.1. Са­нат­тар бө­лі­ні­сін­де­гі кі­рі­стер кө­ле­мі:
    ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі –
    ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі –
    ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі –
    7.1.2. Заң­ды жа­у­ап­кер­ші­лік ен­гі­зі­ле­тін са­ла­лар­да­ғы кә­сі­по­рын­дар­да­ғы және (неме­се) кә­сіп­тер бө­лі­ні­сін­де­гі ор­та­ша жа­ла­қы –
    7.2. Заң­ды жа­у­ап­кер­ші­лік мөл­ше­рі­нің ақы­л­ға қо­ным­ды қа­ты­на­сы
    Қол­да­ны­с­та­ғы заң­ды жа­у­ап­кер­ші­лік пен мем­ле­кет­тік мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры­ның түр­ле­рі
    7.3. Әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды есеп­теу және оның негіз­де­ме­сі
    Ұсы­ны­ла­тын ай­ып­пұл мөл­ше­рі:
    ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі-
    ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі-
    ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі –
    ла­у­а­зым­ды тұл­ға –
    Ұсы­ны­л­ған ай­ып­пұл мөл­ше­рі­нің негіз­де­ме­сі
    Қолы ____________ күні 20__ жылғы«___» ________
    1а нысаны. Мемлекеттік органдар үшін реттеуді әкімшілендіруге арналған шығасыларды есептеу (монетизация)
    1-балама – Ағымдағы жағдайды сақтау
    Баламаны пайдалану қандай іс-әрекеттерді көздейді?
    Егер балама бірнеше мемлекеттік органның жұмысын болжаса, 1-кесте мемлекеттік органды көрсете отырып, олардың әрқайсысы бойынша жеке толтырылады.
    1-кесте
    Жы­лы­на жұ­мыс уа­қы­ты шы­ғын­да­ры­ның ба­ға­сы (адам күн­дер­ді бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Жиы­ны
    Есеп­ті­лік­ті алу және тал­дау
    х
    х
    Тек­се­ру­лер жүр­гі­зу
    х
    х
    Рұқ­сат бе­ру
    х
    х
    Ба­қы­ла­удың өзге де ны­сан­да­ры (ай­қын­дау)
    х
    х
    5 жыл үшін жиы­ны
    х
    х
    Балама жаңа мемлекеттік органды немесе жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды көздей ме жоқ па
    Иә ____ Жоқ____ Х__
    Егер иә болса - жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланған жылдық бюджетін анықтаңыз ____ х5 = _____
    1б нысаны. Бизнес үшін шығасыларды есептеу (монетизация)
    Баламаны пайдалану қандай реттеушілік әрекеттерді көздейді?
    Иә
    Жоқ
    Өн­ді­ріс құ­рал­да­ры­на, үй-жай­лар­ды, зерт­ха­на­лар­ды өзгер­ту­ге, пер­со­нал­ды оқы­ту­ға ин­ве­сти­ци­я­лар, өзге де қа­жет­ті әкім­ші­лік емес шы­ғын­дар
    Тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­лар, ба­ға­лау, қо­ры­тын­ды­лар үшін үшін­ші тұ­лға­лар­ды пай­да­ла­ну қа­жет­ті­гі
    Мем­ле­кет­ке мер­зім­ді есеп­ті­лік (неме­се есеп­ті­лік­ті ұл­ғай­ту)
    Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік тек­се­ру­лер субъ­ек­ті­сіне ай­на­лу (неме­се қол­да­ны­с­та­ғы тек­се­ру ре­жи­мін неме­се санк­ци­я­лар­ды қа­таң­да­ту)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан анық­та­ма­лар мен рұқ­сат­тар алу
    -
    Өзге­сі (ай­қын­дау)
    Реттеу субъектісінің бір орташа статистикалық кәсіпорнына арналған шығасыларды есептеу
    1-кесте
    Бір жол­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар
    Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге, кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар (бір жыл­да)
    Жиы­ны
    Өн­ді­ріс құ­рал­да­ры­на ин­ве­сти­ци­я­лар, үй-жай­лар­ды, зерт­ха­на­лар­ды өзгер­ту, пер­со­нал­ды оқы­ту
    0
    0
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    0
    0
    0
    2-кесте
    Са­рап­та­ма­лар мен қо­ры­тын­ды­лар­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар
    Үшін­ші тұ­лға­лар­дың мер­зім­ді қыз­мет көр­се­туі (жы­лы­на)
    Жиы­ны
    Тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­лар, ба­ға­лау, қо­ры­тын­ды­лар үшін үшін­ші тұ­лға­лар­ды пай­да­ла­ну қа­жет­ті­гі
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    3-кесте
    Мем­ле­кет­тік баж­дар
    Жы­лы­на жұ­мыс уа­қы­ты шы­ғын­да­ры­ның ба­ға­сы (адам күн­де­рін бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Жиы­ны
    Мем­ле­кет­ке мер­зім­ді есеп бе­ру
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    4-кесте
    Ба­ға тек­се­ру­ші­лер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған жұ­мыс уа­қы­ты­ның шы­ғын­да­ры (адам күн­де­рін бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Жы­лы­на ық­ти­мал­ды ай­ып­пұл санк­ци­я­ла­ры (ай­ып­пұл ба­ға­сы оны са­лу ық­ти­мал­ды­ғы­на кө­бей­ті­ле­ді)
    Жиы­ны
    Мем­ле­кет­тік тек­се­ру­лер (ба­ла­ма бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған)
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    5-кесте
    Мем­ле­кет­тік баж­дар, құ­жат­тар үшін бас­қа да ті­ке­лей тө­лем­дер
    Олар­ды алу­ға ар­нал­ған жұ­мыс уа­қы­ты шы­ғын­да­ры­ның ба­ға­сы (адам күн­де­рін бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Жиы­ны
    Рұқ­сат­тар­ды, өзге де мем­ле­кет­тік құ­жат­тар­ды алу
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    6-кесте
    Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ды құ­ру­ға бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар
    Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым қыз­мет­кер­ле­рі­нің жұ­мыс уа­қы­ты шы­ғын­да­ры­ның ба­ға­сы (адам­ның күн­де­рін бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету
    Жиы­ны
    Мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­те­уді ен­гізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    7-кесте
    Жы­лы­на жар­на­лар­дың со­ма­сы
    Сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­мен шарт жа­са­су­ға ар­нал­ған жұ­мыс уа­қы­ты шы­ғын­да­ры­ның ба­ға­сы (адам күн­дер­ді бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша жа­ла­қы­ға кө­бей­ту)
    Жиы­ны
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру­ды ен­гізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ға­сы­лар
    5 жыл ішін­де­гі шы­ғы­стар
    1-5-кестелердің деректері (5 жыл ішіндегі шығыстар «Жиыны» бағадарында) ___ теңге қосылады.
    Осы шама осы баламаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындардың (кәсіпкерлік субъектілерінің) санына көбейтіледі ________теңге.
    Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме.
    Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:
    1-ҚАДАМ: Проблеманы анықтау және реттеу мақсаттары
    Шешім қабылдауды оңтайландыру реттеушілік әсерді талдаудың басты міндеті болып табылады. Реттеу дизайны проблеманы, себеп-салдар байланысын және реттеу субъектілерін анықтаудан басталады.
    Мәселенің ауқымын растайтын мәліметтерді жинауға ерекше назар аударған жөн.
    Деректерді жинау, талдау және бағалау келесі кезеңдерден тұрады:
    ақпарат жинауды жоспарлау;
    деректердің дұрыстығын талдау;
    ақпарат алудың белсенді әдістері: әлеуметтік сауалнамалар, сараптамалық сұхбаттар, қоғамдық пікірталастар.
    Бұл ретте ақпарат көздері мыналардан құралуы мүмкін:
    ведомстволық статистика деректері;
    тәуелсіз зерттеушілер жүргізетін зерттеулердің (мониторингтердің) нәтижелері;
    ғылыми және талдамалық материалдар;
    қоғамдық талқылау барысында алынатын деректер;
    ашық дереккөздерде жарияланған сарапшылардың пікірлері;
    азаматтар мен кәсіпкерлердің өтініштері (мемлекеттік билік органдарына тікелей өтініштер, бизнес-қауымдастықтарға өтініштер);
    бизнес-қауымдастықтардың деректері;
    компаниялардың әлеуметтік сауалнамалары мен іріктемелі зерттеулерінің нәтижелері (ашық қолжетімділіктегі ақпарат, билік органдарының тапсырысы бойынша зерттеулер), сараптамалық сұхбаттар;
    шетелдік ұйымдар мен авторлардың талдамалық және ғылыми материалдары.
    Проблемаларды анықтау және мақсат қою кезінде мемлекеттік интервенция нәтиже емес, өнім екенін түсіну керек. Өнім нәтижеге әсер етеді, алайда нәтижеге басқа да факторлардың әсер етуі мүмкін. Бұл – бақыланбайтын және әсер етуі мүмкін емес факторлар.
    Проблема ағымдағы ахуалдың өзгерістерін көрсете отырып, барынша нақты және қысқа (3 сөйлемнен артық емес) тұжырымдалуы тиіс. Бұл ретте реттеуші ұсынған реттеу әсер ететін мақсатты топты ескеру қажет.
    Проблеманы белгілеу неғұрлым кең болса, мақсат соғұрлым кең, мақсатқа қол жеткізбеу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Сондықтан проблеманы шешу кезінде проблеманы себеп-салдар байланысы арқылы тарылту қажет.
    Проблеманы себеп-салдар байланысы арқылы анықтаған кезде мыналарды ескеру қажет:
    зиян келтіру жағдайлары, зиянды өтеу проблемалары туралы деректердің болуы;
    келтірілген зиянның мөлшері туралы деректердің болуы (ақшалай мәнде);
    азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнаманың бұзылуының болуы (бұзушылықтардың саны, бұзушылықтардың санаттары);
    іс-әрекеттерді, функцияларды орындаудың мүмкін еместігі туралы деректердің, оның ішінде шығындарды, жіберіп алған пайданы, тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірудің және т. б. деректері мен бағалауының болуы;
    құқықтық сипаттағы мәліметтер, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның толықтығы мен сәйкестігін бағалау;
    мүдделі тұлғалар мен сарапшылардың проблеманың болу себептері туралы пікірлерін қамтитын ақпарат;
    проблеманың адамдардың белгілі бір топтарына әсерін растайтын деректердің болуы.
    Реттеу мақсаттары қойылған проблемаға сәйкес келуі және реттеуді енгізу жолымен қол жеткізу жоспарланатын сандық көрсеткіштерді қамтуы тиіс.
    Реттеу мақсаттары қағидаттарды ескере отырып айқындалады:
    нақты, өлшенетін, қол жетімді, шыншыл, икемді және/немесе уақыт бойынша анықталған.
    Дұрыс қойылған мәселе нақты мақсаттарды анықтауға және оны шешудің ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.
    2-ҚАДАМ: Реттеуді анықтау
    Туындаған проблеманы шешу мүмкін болатын реттегіш құралдар және (немесе) енгізуге ұсынылатын талаптар таңдалады. Олар таңдауды негіздеу үшін реттеушілік әсерді талдау процесінде ескеріледі.
    Осы Қағидалардың 2-параграфының 9-тармағына сәйкес талап енгізілген жағдайда, алып тасталатын талапты осы талаптар шеңберінде көрсетілген құқықтық актінің деректемелерін көрсете отырып, тиімсіздіктің белгіленген өлшемшарттары шеңберінде реттеу мақсатын және алып тастау себептерін көрсете отырып сипаттау қажет.
    3-ҚАДАМ: Іске асыру тетіктері және ықтимал тәуекелдер
    Реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуші әсер етудің тікелей де, жанама да болуы мүмкін абайсызда жасалған әсерлерін ескере отырып, реттегіш құралды және (немесе) талапты қолданудан болуы мүмкін тәуекелдерді айқындауы қажет.
    Сондай-ақ реттегіш құралды және (немесе) талапты іске асырудың мерзімдері мен кезеңдерін ескере отырып, оны іске асыру тетігін сипаттау да маңызды.
    4-ҚАДАМ: Пайда мен шығыстарды салыстырмалы талдау.
    Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың пайдасы мен шығасыларын талдау елеулі рөл атқарады. Реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуші тікелей де, сол сияқты жанама да әсерді ескере отырып, реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қолданудан түсетін пайдалар мен шығасыларды айқындауы қажет.
    Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жұмыскерлерге, басқа да әлеуметтік топтарға, жалпы экономикаға, жалпы қоғамға және мемлекетке ықпал етуі мүмкін.
    Шығасыларды есептеу кезінде әзірлеуші статистикалық деректердің негізінде мынадай пайданы/шығасыларды міндетті түрде есептеуі маңызды:
    өндіріс көлемін (қуатын);
    кәсіпорын қызметкерлерінің санын;
    жылдық орташа табысты;
    салықтық түсімдер көлемі;
    кәсіпорындар (шағын, орта және ірі бизнес) қызметкерлерінің жалақысын;
    мемлекеттік сатып алудағы шағын және орта бизнестің үлесін;
    нақты және ақшалай мәндегі экспорт көлемін және тағы басқаларын.
    Шығасылардың ауқымын бағалау немесе басқаша айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаншасы осы реттеуді сақтауы қажет және бұл ретте олар қандай шығасыларға (өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындар) ұшырайды деген сұраққа жауап беру.
    Мысалы, мемлекетке мерзімді есептілікті ұсыну немесе есептілікті ұлғайту бойынша шығасыларды есептеу кезінде барлық болжамды шығындарды, оның ішінде есептілікті электрондық түрде ұсынған жағдайда есептерді дайындау үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы сатып алу бойынша шығындарды ұсыну қажет. Бақылау іс-шараларын жүргізуге шығындар болған жағдайда, бақылаудың қандай нысаны енгізілетінін және бақылау нысанына байланысты тексерушілермен жұмыс істеу үшін жұмыс уақытының шығындары, ықтимал айыппұлдар есептелуі керек екенін көрсету керек.
    Сонымен қатар шағын, орта және ірі бизнеске әсерінің тепе-теңдігін ескере отырып, шығасылардың салыстырмалы әсерін, ұсынылып отырған реттегіш құрал және (немесе) талап тыйым салу немесе жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды айқындау, жұмыс сағаттарын, үй-жайдың мөлшерін және өзгелерін белгілеу сияқты шаралар арқылы жеке кәсіпкерлік субъектісінің коммерциялық қызметін шектей ме, жоқ па екенін қарау қажет.
    Бизнестің пайдасы мен шығасыларын есептеуге арналған формулалардың мысалдары:
    өндірістік мақсаттарға арналған ресурстар шығысы:
    Pm= S NmiKm (Qi + Qmi) - мұндағы Pm – ресурстың m-ші түріне қажеттілік; Nmi – өнімнің i-ші түрінің бірлігіне ресурстың m-ші түрінің шығыс нормасы; Km – талдау барысында анықталған ресурстардың i-ші түрінің базалық шығыс нормаларын төмендету резерві; Qi – өнімнің і-ші түрін өндірудің жоспарлы көлемі; Qmi – аяқталмаған өндірістегі i-ші өнім санының жоспарлы өсімі.
    Материалдық шығындарды төмендетуден үнемдеу:
    Эм = (Р0 – Р1) Б К1
    мұнда Р0 және Р1 – реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігін өндіруге арналған ресурстар шығысы; Б – ресурстар бірлігінің бағасы; К1 – реттеу енгізілген кезден бастап шығарылатын өнім бірліктерінің саны.
    Еңбекке ақы төлеу шығындарын үнемдеу:
    Эт = (Т0З0 – Т1З1К1 + В/100) + Кn Зm
    мұндағы Т0 және Т1 – қалыпты сағаттардағы өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы; З0 және З1 – қызметкерлердің орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі; В – жалпы сомадағы қосымша жалақының үлесі (%-бен); К1 – өнім бірліктерінің саны; К n – босатылатын қызметкерлердің саны; Зь – олардың жалақысы.
    Алынған шама саладағы реттеу субъектілері болып табылатын шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің санына көбейтіледі.
    Сондай-ақ есептеулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 125 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғыы 30 маусымда №32985 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүргізуге болады.
    Пайда реттегіш құралды және (немесе) талапты қолдану нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарту түрінде айқындалады. Бұдан басқа, мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде болдырмауға болатын шығасылар да пайда болып саналады.
    Сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін пайдаларда да реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізгенге дейін және одан кейін мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің көлемін көрсетіңіз.
    Егер реттегіш құрал және (немесе) талап жаңа мемлекеттік органды не жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды көздесе, жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланған жылдық бюджетін айқындау қажет.
    5-ҚАДАМ: Бағалау және мониторинг индикаторлары
    Реттеушілік әсерге талдау жүргізудегі маңызды кезең – бағалау индикаторларын айқындау. Реттеу мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу процесі бағалау индикаторларының қаншалықты дұрыс анықталғанына байланысты болады. Бұл ретте мақсаттарға қол жеткізуді өлшеу мерзімділігіне назар аударған жөн.
    Индикаторлар өлшенетін шамалар болып табылады. Индикаторлар, әдетте реттеуді орындаудағы проблемаларды, міндеттерді немесе шығасыларды өлшейтін деректерге негізделеді. Әрбір ұсынылатын реттегіш құрал және (немесе) талап бойынша міндеттер мен шығасылар бойынша индикаторлардың аз санын іріктеу өте маңызды. Осы индикаторлар реттегіш құралдың және (немесе) талаптың негізгі мәнін және оның неғұрлым елеулі әсерін көрсетуі, қолжетімді және кезең-кезеңімен өлшенетін болуы қажет.
    Бағалау индикаторларының жалпы түрлері:
    сандық индикаторлар: олар белгіленген сандық мәндерде тікелей өлшеу арқылы көрсетіледі (мысалы, бір жылдағы созылмалы респираторлық аурулардың салдарынан болатын өлім саны);
    сапалық индикаторлар: олар жанама өлшенетін аспектілер арқылы көрсетіледі, мысалы, көзқарастар, бір нәрсе туралы болжамдар (мысалы, әлеуметтік сауалнама деректері);
    тікелей индикаторлар: олар тапсырмалар мен шығындарға қатысты айнымалыларды тікелей өлшейді;
    жанама индикаторлар: егер тікелей айнымалы мәнді өлшеу өте қиын болса, егер мұндай өлшеу айтарлықтай шығындарды, уақытты немесе күрделі есептеулерді қажет етсе, олар тікелей айнымалы алмастырғышты өлшейді.
    6-ҚАДАМ: Өзін-өзі реттеуді енгізу.
    Олар арқылы мәселені шешуге болатын кемінде 2 балама таңдалады. Олар проблеманы шешу үшін ең жақсы болып табылатын баламаны таңдауды негіздеу үшін реттеушілік әсерді талдау процесінде ескеріледі.
    Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін саланың өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесін талдау нарықтың дайындық дәрежесін міндетті түрде ескере отырып жүргізіледі. Ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нарықтың міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуге дайындығы туралы қорытындысын (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) қоса беруі қажет.
    7-ҚАДАМ: Заңды жауапкершілікті енгізу.
    Бұл қадам заңдық жауапкершілік енгізілген немесе қолданыстағы заңдық жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы міндетті талаптарына қатаңдатылған жағдайларда толтырылады.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.