«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 56/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2024 ж.

    «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №56/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 қарашадағы № 56/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтоғай ауданының әкімі

    А. Аманжолов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.