Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 119/16 «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2024 ж.

    Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 119/16 «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 119/16 «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7514-14 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты» ММ-ің ұйымдастыру бөлімінің басшысына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Ташенев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.