«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1.______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы) ____________________________________________________________________ объектіні салуды/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі дербес ____________________________________________________ ____________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым ____________________________________________________________________ _____________________________________________________ жүзеге асырды.»; (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Құрылыс/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба бойынша жүзеге асырылды:

    ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (нобайды (нобайлық жобаны)/техникалық жобаны әзірлеген ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).

    Нобай (нобайлық жоба) __________________________________________ ____________________________________________________________________ __________________________________________________________ келісілді.»; (келісім хат берген ұйымның атауы, № және күні).

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Құрылысы аяқталған объектінің/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растау негізінде жеке меншік иесі:

    _____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (объектінің атауы)

    пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.»;

    Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне 4-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    К. Шарлапаев

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің 2024 жылғы

    8 қазандағы № 351

    бұйрығына қосымша

    Меншік иесінің салынған

    объектіні пайдалануға

    дербес қабылдау актісіне

    4-қосымша

    Объектінің техникалық сипаттамасы (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау; тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан учаске беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлау (қайта жабдықтау)) (жеке тұрғын үйлер, көппәтерлі тұрғын үйлер, өндірістік, сауда объектілері және басқалар)

    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    Жал­пы мә­лі­мет­тер
    қа­бат­тар­дың са­ны (қа­бат)
    пәтер­лер­дің са­ны
    үй-жай­лар­дың, бөл­ме­лер­дің са­ны
    құ­ры­лыс ала­ңы
    (м2)
    құ­ры­лыс кө­ле­мі
    (м3)
    жал­пы ала­ңы
    (м2)
    тұр­ғын ала­ңы
    (м2)
    тұр­ғын
    емес үй-жай­лар­дың ала­ңы (м2)
    бал­кон­ның, лод­жи­я­ның ала­ңы
    (м2)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    кестенің жалғасы
    Кон­струк­тив­тік эле­мент­тер си­патта­ма­сы
    Жы­лы­ту тү­рі
    Абат­тан­ды­ру
    ір­ге­тас
    қа­быр­ға­лар/қал­қа­лар
    ша­тыр жа­бы­ны
    электр­мен жаб­дық­тау
    су­мен жаб­дық­тау
    ыстық су­мен жаб­дық­тау
    кә­різ
    га­з­бен жаб­дық­тау
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    Объектінің техникалық сипатына қоса берілетін құжаттар тізімі:
    1. Жоспарлар:
    реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейін________________________________________________________________
    реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейін ____________________________________________________________________
    Объектінің жоспарына экспликация
    Қабаты
    Үй-жайлардың, бөлмелердің нөмірі
    Үй-жайлардың, бөлмелердің бөліктерінің нөмірі
    Үй-жайлардың, бөлмелердің бөліктерінің мақсаты
    Ішкі өлшем бойынша алаңы (м2), оның ішінде
    жалпы
    пайдалы
    тұрғын
    тұрғын емес
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8

    Меншік иесі (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Мөрдің орны (бар болса) Жобалаушы ұйым _______________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мерзімі)

    Мөрдің орны (бар болса)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.