Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 тамыз 2025 ж.

    Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, « Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 152-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 15 (он бес) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 20 (жиырма) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес білу көлемі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.