Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 40 «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қазан 2024 ж.

    Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 40 «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 40 «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

    2 тармағының 12) тармақшасы алынып тасталсын;

    5-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын;

    6-тарау алынып тасталсын;

    9,10,11-қосымшалары алынып тасталсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Р.Елтизаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.