«Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2024 ж.

    «Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24876 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жақсы ауданының әкімі

    А.Кадралина

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.