«Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі
Т.Ерсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.