Карантинді алу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2024 ж.

    Карантинді алу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 08 қазандағы №15-4-1/493 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Сарытау қыстағының аумағында белгіленген қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.

    2. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №6 «Карантин белгілеу туралы» шешімі жойылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    С. Жумадилов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.