«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

    53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «53. Мемлекеттік кіріс органдары артуына әкеп соқтыратын қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін төмендету, сондай-ақ бұрмалау және (немесе) көрсетпеу фактілерін анықтаған, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің салық есептіліктерінің қосымша нысандарын ұсынуы және (немесе) салық декларацияларын кері қайтарып алу арқылы анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган:

    1) мемлекеттік кірістер органдарының нақты деректеріне сәйкес олардың артып кету жағдайларын қоспағанда, осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мәліметтерді веб-порталда түзетеді;

    2) өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін негізсіз арттыруға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары бойынша бұзушылық жойылғанға дейін осындай әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін веб-порталда көрсетпейді;

    3) Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда мұндай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.»;

    90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «90. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінеді.

    91. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып қарайды:

    1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;

    2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы «Расталды» мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде және (немесе) осы Қағидалардың 92-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады;

    3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 253-тармағының талаптарына сәйкестігі.

    92. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай шарттарды ескере отырып қарайды:

    1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар:

    мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган және (немесе) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын органмен расталады. Бұл ретте, мұндай растау веб-портал арқылы ұсынылған жоғарыда аталған органдардан әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде жүзеге асырылады;

    мемлекеттік сараптама ұйымдарының ақпараттық жүйесімен немесе әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымдарынан веб-портал арқылы ұсынылған аккредиттелген сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады;

    2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 253-тармағының талаптарына сәйкестігі.»;

    93-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «93-1. Соңғы бес жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы осы Қағидалардың 280-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың 91 және 92-тармақтарында көзделген тәртіппен расталады.»;

    101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «101. Веб-портал арқылы электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай:

    1) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары) талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданатын түзетуді растау туралы;

    2) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер Ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын түзетуді растаудан бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.»;

    253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «253. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжат:

    1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы) 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

    2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;

    3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 20-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі;

    4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

    5) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

    «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде енгізеді, олар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

    Әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды электрондық депозитарийге 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 96-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің электрондық депозитарийдегі «Расталды» мәртебесіндегі жұмыс тәжірибесі «Белсенді емес» мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.»;

    255, 256 және 257-тармақтар алып тасталсын;

    265-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «265. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы) және олардың техникалық күрделілігіне қарай есептеледі.»;

    мынадай мазмұндағы 273-1-тармақпен толықтырылсын:

    «273-1. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мәліметтерді толтыру бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін веб-портал автоматты түрде қалыптастырады.»;

    274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «274. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстарды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды веб-портал автоматты түрде есептейді және Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды»;

    280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «280. Көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

    Мыналар:

    1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

    2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

    3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

    «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде енгізеді, олар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

    Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде электрондық депозитарийге енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 96-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, «Расталды» мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі «Белсенді емес» мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.»;

    283-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «283. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 5 және 5-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 8 қазандағы

    № 676 бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттік сатып алуды

    жүзеге асыру қағидаларына

    5-қосымша

    Электрондық депозитарийге енгізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстары бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар тізбесі

    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар­дың ата­уы
    Ес­керт­пе
    1
    Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
    2
    Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі бой­ын­ша әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің мәр­те­бе­сі:
    1. Бас мер­ді­гер;
    2. Бас жо­ба­ла­у­шы;
    3. Қо­сал­қы мер­ді­гер;
    4. Қо­сал­қы жо­ба­ла­у­шы.
    3
    Мер­ді­гер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Егер әле­ует­ті өнім бе­ру­ші қо­сал­қы мер­ді­гер­ді (қо­сал­қы жо­ба­ла­у­шы­ны) тар­тқан бас мер­ді­гер (жо­ба­ла­у­шы) бо­лып та­был­са, он­да мұн­дай қо­сал­қы мер­ді­гер (қо­сал­қы жо­ба­ла­у­шы)ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қо­сым­ша көр­се­ті­ле­ді (ата­уы, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі).
    Егер әле­ует­ті өнім бе­ру­ші қо­сал­қы мер­ді­гер (жо­ба­ла­у­шы) бо­лып та­был­са, он­да қо­сым­ша бас мер­ді­гер (жо­ба­ла­у­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ата­уы, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі) көр­се­ті­ле­ді.
    4
    Құ­ры­лыс-мон­таж жұ­мыста­рын тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асыр­ған тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Ата­уы, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді
    5
    Құ­ры­лыс тү­рі:
    жа­ңа объ­ек­ті­лер­ді са­лу, қол­да бар объ­ек­ті­лер­ді ре­кон­струк­ци­я­лау, ке­ңей­ту, тех­ни­ка­лық қай­та жа­рақ­тан­ды­ру, жаң­ғыр­ту, күр­де­лі жөн­деу (ғи­ма­рат­тар­ды, құ­ры­лы­стар­ды және олар­дың ке­шен­де­рін, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды)
    6
    Ме­кен­жайы (құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі)
    7
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы
    8
    Объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі­нің кү­ніне сәй­кес жұ­мыстар­дың аяқ­тал­ған жы­лы
    9
    Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гейі (бі­рін­ші – жо­ға­ры, екін­ші – қа­лып­ты, үшін­ші – тө­мен)
    10
    Объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық күр­де­лі­лі­гі (тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жа­та­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар және тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­пай­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар)
    11
    Функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты (өнер­к­ә­сіп объ­ек­ті­ле­рі, өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар, құ­ры­лы­стар, тұр­ғын үй-аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер, өзге де құ­ры­лы­стар)
    12
    Тұр­ғын үй-аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі жұ­мыстар­ды қо­с­па­ған­да, әле­ует­ті өнім бе­ру­ші мә­лім­де­ген жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіне сәй­кес ке­ле­тін «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның Бі­рін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тар (ли­цен­зи­я­лар) тіз­бе­сі­нің 5 және 6-бө­лім­де­рін­де көз­дел­ген ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің кі­ші тү­рі
    13
    Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың нө­мі­рі мен кү­ні
    14
    Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың ата­уы
    Құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін са­лу қа­жет

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 8 қазандағы

    № 676 бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттік сатып алуды

    жүзеге асыру қағидаларына

    5-1-қосымша

    Электрондық депозитарийге енгізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың тізбесі

    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар­дың ата­уы
    Ес­керт­пе
    1
    Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі ті­зі­лі­мін­де­гі құ­ры­лыс-мон­таж жұ­мыста­ры бой­ын­ша бас мер­ді­гер­дің жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Мә­лі­мет­тер­дің нө­мі­рі, сон­дай-ақ бас мер­ді­гер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ата­уы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі)көр­се­ті­ле­ді
    2
    Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
    3
    Ме­кен­жайы (құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі)
    4
    Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы
    5
    Объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі­нің кү­ніне сәй­кес жұ­мыстар­дың аяқ­тал­ған жы­лы
    6
    Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың нө­мі­рі мен кү­ні
    7
    Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың ата­уы
    Құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін са­лу қа­жет

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.