Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2024 ж.

    Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Алматы облысының Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерінің бір бөлігін енгізе отырып, Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы «Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-135 бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 299 қаулысына келісім берілсін.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасының

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Алматы облысы Алатау қаласының шекарасына енгізілетін жердің экспликациясы

    Р/с №
    Аудан­дар мен қа­ла­лар­дың ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де гек­тар:
    ел­ді ме­кен­дер­дің (қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің және ауыл­дық округ­тер­дің)
    же­рі
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс же­рі, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік, яд­ро­лық қа­уіп­сіз­дік ай­ма­ғы мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи
    аумақ­тар, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және
    та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер
    ор­ман қо­ры­ның же­рі
    су қо­ры­ның же­рі
    босал­қы жер­лер
    Қо­на­ев қа­ла­сы
    10962
    810,7899
    2865,1064
    2924,2898
    50,0251
    445,185
    2303,145
    1563,454
    2
    Іле
    ауда­ны
    64985
    2990,8968
    45152,9732
    8852,1196
    -
    37,9
    3994,031
    3957,08
    3
    Тал­ғар ауда­ны
    12053
    145,9942
    8305,8326
    223,2452
    -
    -
    315,141
    3062,79
    4
    Бар­лы­ғы
    88000
    3947,6809
    56323,9122
    11999,6546
    50,0251
    483,085
    6612,317
    8583,324
    ____________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.