Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары және түзетулері негізінде белгіленсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.

    3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Булекпаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

    Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау департаменті»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

    Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

    Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

    Есіл бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің

    Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі

    Ертіс бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 4 қазандағы

    № 60/03

    қаулысына 1-қосымша

    Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

    Су объектісінің атауы
    Орналасқан жері
    Су қорғау аймағының ені (метр)
    Су қорғау белдеуінің ені (метр)
    Қарағанды қаласы
    1
    Кіші Бұқпа өзені
    Қарағанды қаласы
    75-500
    35-100
    2
    Үлкен Бұқпа өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    3
    Солонка өзені
    Қарағанды қаласы
    300-500
    50-100
    4
    Веснянка өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    5
    Көкпекті өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-75
    6
    Узенка өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    7
    Ащилыайрық өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    Балқаш қаласы
    8
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Балқаш қаласы
    500-3170
    35-100
    Приозерск қаласы
    9
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Приозерск қаласы
    500-3170
    35-100
    Саран қаласы
    10
    Саран су қоймасы
    Саран қаласы, Карагандинка өзеніңде
    500
    35-100
    Шахтинск қаласы
    11
    Тентек өзені
    Шахтинск қаласы
    500
    35-50
    Абай ауданы
    12
    Тентек өзені
    Абай ауданы
    500
    35-50
    13
    Сасықкөл көлі
    Абай ауданы, Шахтинск қаласының оңтүстік-батысқа қарай 8 километр
    500
    35-100
    14
    Шерубай-Нұра су қоймасы
    Абай ауданы, Топар кентінің оңтүстік-батысқа қарай 3 километр жерде, Шерубайнұра өзенінде
    500
    35-100
    15
    Топар өзені
    Абай ауданы
    500
    35-50
    16
    Сулу өзені
    Абай ауданы
    500
    50
    17
    Есен өзені
    Абай ауданы
    500
    35-75
    Ақтоғай ауданы
    18
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Ақтоғай ауданы
    500-3170
    35-100
    19
    Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған)
    Ақтоғай ауданы
    500
    35
    20
    Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады)
    Ақтоғай ауданы
    500-3500
    55-100
    21
    Қусақ өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35
    22
    Жәмші өзені
    Ақтоғай ауданы
    500-1300
    55-100
    23
    Қараменды өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-50
    24
    Мойынты өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    55-100
    25
    Ақтайлақ өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-36
    26
    Қаршығалы өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-36
    Бұқар-Жырау ауданы
    27
    Шідерті өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    100
    28
    Шайлы өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    29
    Көкпекті өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    30
    Узенка өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    31
    Ащилыайрық өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    32
    Ошағанды өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    33
    Көкпекті су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 2 километр жерде, Көкпекті өзенінде
    500
    35-50
    34
    Ащысу су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 90 километр жерде
    500
    35-75
    35
    Баймырза өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    36
    Шоқай өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    37
    Ащысу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    38
    Шоқай су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Баймырза селосынан солтүстікке қарай 0,5 километр жерде
    500
    100
    39
    Өткелсіз өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    40
    Қарасу (Жартас) өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    41
    Теректы өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    42
    Алтынсу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    43
    Аделсу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    Қарқаралы ауданы
    44
    Қарасор көлі
    Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр жерде
    500
    35-50
    45
    Талды өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    46
    Балықтыкөл көлі
    Қарқаралы ауданы, Қоянды кентінең оңтүстік-шығысына қарай
    500
    35-75
    47
    Жарлы өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    75-100
    48
    Матақ өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    50-75
    49
    Каркаралинка өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    50
    Тұндық өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-75
    51
    Аделсу өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-75
    52
    Үлкен Қарқаралы көлі
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    Нұра ауданы
    53
    Балықты көлі
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    54
    Бикеш өзені
    Нұра ауданы
    500
    100
    55
    Сарыозек өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    56
    Ащилы өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    57
    Қыпшақ өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    58
    Керей өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    Осакаров ауданы
    59
    Шідерті өзені
    Осакаров ауданы
    500
    100
    60
    Ошағанды өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-75
    61
    Бикеш өзені
    Осакаров ауданы
    500
    100
    62
    Баймырза өзені
    Осакаров ауданы
    500
    55-100
    63
    Қарғалы өзені
    Осакаров ауданы
    500
    50
    64
    Тоқсымақ көлі
    Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округінің солтүстік-батысына қарай 10 километр жерде
    500
    35-100
    65
    Есіл су қоймасы
    Осакаров ауданы, Есіл өзенінен 40 километр жерде
    500
    35-100
    66
    Есіл өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-75
    67
    Шоқай өзені
    Осакаров ауданы
    500
    55-100
    68
    Оленты өзені
    Осакаров ауданы
    500
    75-100
    69
    Ақбастау өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-55
    Шет ауданы
    70
    Тұматай өзенінің учаскесі
    Шет ауданы
    500
    35
    71
    Краснополянский су қоймасы
    Шет ауданы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 70 километр жерде
    500
    35-100
    72
    Сарыбұлақ өзені
    Шет ауданы
    500
    100
    73
    Шажағай өзені
    Шет ауданы
    500
    100
    74
    Жәмші өзені
    Шет ауданы
    500-1300
    55-100
    75
    Талдыманака өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    76
    Курманака өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    77
    Талдыэспе өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    78
    Сулу өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    79
    Мойынты өзені
    Шет ауданы
    500
    55-100
    80
    Есен өзені
    Шет ауданы
    500
    35-75
    81
    Апарсу өзені
    Шет ауданы, «Солтүстік Қатпар» кен орнының жоспарланған қызметінің іргелес учаскесі
    500
    35

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 4 қазандағы

    № 60/03

    қаулысына 2-қосымша

    Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

    1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

    1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

    2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

    3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

    4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

    5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

    6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

    7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

    2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

    1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

    2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

    3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

    4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

    5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

    6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

    7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

    Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 4 қазандағы

    № 60/03

    қаулысына 3-қосымша

    Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 09/10 «Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1891 болып тіркелген).

    2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1908 болып тіркелген).

    3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1910 болып тіркелген).

    4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/05 «Қарағанды облысының Саран, Ащысу, Шоқай, Көкпекті, Краснополянский, Шерубай-Нұра су қоймаларында, Сасықкөл, Балықтыкөл, Қарасор, Балықты көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1912 болып тіркелген).

    5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/02 «Қарағанды облысының Шайлы, Ащысу, Өткелсіз, Шоқай, Ошағанды, Баймырза, Бикеш, Тентек, Шідерті өзендерінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2873 болып тіркелген).

    6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/03 «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қусақ өзенінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2874 болып тіркелген).

    7. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/04 «Қарағанды облысының Қарғалы өзенінде және Тоқсымақ көлінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2875 болып тіркелген).

    8. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 «Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 болып тіркелген).

    9. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 21/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5288 болып тіркелген).

    10. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/04 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6142 болып тіркелген).

    11. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 29/02 Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6326 болып тіркелген).

    12. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33/03 «Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6341 болып тіркелген).

    13. Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 03/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26563 болып тіркелген).

    14. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/05 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6141 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.