«Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2024 ж.

    «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

    «9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.