Сәтбаев қаласының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2024 ж.

    Сәтбаев қаласының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген) бекітілген Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.

    2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

    К. Балмагамбетов

    Сәтбаев қалалық

    мәслихатының

    2024 жылғы 30

    қыркүйектегі

    № 151

    шешіміне қосымша

    Сәтбаев қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы

    Жер орналастыру аймағы
    Территорияның сипаттамасы
    Арттыру пайызы
    1.
    I
    есептік тоқсандар: 001, 002, 003, 004, 010, 011; Ерден көшесі мен «Байқоныс» шағын ауданы арасындағы аумақ; Ұлытау көшесі мен темір жолы арасындағы аумақ
    50 %
    есептік тоқсандар: 005, 006, 007, 008, 009; «Байқоныс» шағын ауданы
    40 %
    2.
    II
    әскери бөлімнің аумағы
    0 %
    3.
    III
    есептік тоқсандар: 012, 020, 021,022, 025;
    0 %
    4.
    IV
    Жеңіс саябағы, Даңқ алаңы, Кеншілер даңқы алаңы, Тәуелсіздік алаңы
    50 %
    5.
    V
    автомобиль жолдары, темір жолы, электр жеткізу желісі
    0 %
    6.
    VI
    электр қосалқы станциясы, жарылғыш материалдар қоймасы, шаруашылық-ауызсу объектілері
    0 %
    7.
    VII
    бау-бақша қоғамдары: Горняк, Восток, Меридиан
    0 %
    8.
    VIII
    қорымдар, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары
    0 %
    9.
    IX
    өзендер, су қоймалары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi
    0 %
    10.
    X
    тарихи және мәдени ескерткіштер
    0 %
    11.
    XI
    бұзылған жерлер
    0 %
    12.
    XII
    тұрғын алабы: Жезқазған, Геологиялық барлау пункті, Крестовский, Весовая, Перевалька
    0 %
    13.
    XIII
    аттамалы жер учаскесі
    0 %
    14.
    XIV
    қалалық резервтік жерлер
    0 %

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.