Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп - баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2024 ж.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №5/49 «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Маңғыстау облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/49 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында:

    4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;

    27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

    1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

    2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

    3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

    4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

    5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

    6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;

    мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

    «27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

    ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

    ағаш діңін ақтау;

    бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

    шөп шабу, арамшөптерді жою;

    жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

    бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

    ағаш тәжін тәждеу;

    ағаштардың тәжін қалыптастыру;

    қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

    апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

    тыңайтқыштарды қолдану;

    жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

    қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;

    59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы

    Ж. Матаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.