Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 3 қазан 2024 ж.
Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 28/01 «Осакаров ауданының аумағында қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметіне бағаларды бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 28/01 «Осакаров ауданының аумағында қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметіне бағаларды бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5338 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданы әкімі
Р. Нурмуханбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.