«Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/438-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/438-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5209 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы
А. Салимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.