«Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қыркүйек 2024 ж.

    «Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4719 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты жағдайларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Түркістан облыстық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    « 11. Грамотаны Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түркістан облысында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы

    А. Салимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.