Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 23 қыркүектегі № 01-12/373 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығының, басшысы Мұздыбаева Роза, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты сауықтыру іс- шараларын жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімге қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Қопа ауылдық округінің әкімі
Н. Жетибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.