«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2024 ж.

    «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:

    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-2-жолмен толықтырылсын:

    «

    9-2.
    Қа­ра ме­тал­дар­дан жа­сал­ған ме­талл кон­струк­ци­я­лар ****
    7308 90 980 9-дан
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12-1, 12-2, 12-3, 12-4 және 12-5-жолдармен толықтырылсын:«
    12-1.
    Бу қа­зан­дық­та­ры неме­се бас­қа бу шы­ға­ра­тын қа­зан­дық­тар ****
    8402 11 000 9,
    8402 12 000 9,
    8402 20 000 9,
    8402 90 000 9
    12-2.
    Құ­рам­да­сты­ры­л­ған қа­зан­дық­тар­ды қо­са ал­ған­да, өзге де бу өн­ді­ре­тін қа­зан­дық­тар: өзге­ле­рі ****
    8402 19 900 9
    12-3.
    Ор­та­лық жы­лы­ту қа­зан­дық­та­ры және оның бөл­шек­те­рі ****
    8403 10 900 0,
    8403 90 900 0
    12-4.
    8402 неме­се 8403 та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның қа­зан­дық­та­ры­мен бiр­ге пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы жаб­дық ****
    8404 10 000 0
    12-5.
    Бу-су неме­се бас­қа бу кү­ш­тік қон­дыр­ғы­ла­ры­на ар­нал­ған кон­ден­са­тор­лар ****
    8404 20 000 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    16-1.
    Гид­рав­ли­ка­лық тур­би­на­лар, су дөң­ге­лек­те­рі және олар­дың рет­те­гіш­те­рі ****
    8410 11 000 0,
    8410 12 000 0,
    8410 90 000
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    28-1.
    Қу­а­ты 50 000 кВт-тан аса­тын өзге газ тур­би­на­ла­ры және бө­лік­те­рі ****
    8411 82 800 9,
    8411 99 009 8
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    35-1.
    Өзге де ор­та­дан теп­кіш сор­ғы­лар: қы­зды­ру жүй­е­ле­ріне және ыстық су­мен жаб­дық­та­у­ға ар­нал­ған гер­ме­ти­ка­лық ор­та­дан теп­кіш сор­ғы­лар; 15 мм-ден астам: ар­на­лы-ор­та­дан теп­кіш сор­ғы­лар мен құй­ын­ды сор­ғы­лар (қап­тал­ды ар­на­ла­ры бар); өзге де ор­та­дан теп­кіш сор­ғы­лар: бір са­ты­лы, көп са­ты­лы****
    8413 70 450 0,
    8413 70 300 0,
    8413 70 810 0,
    8413 70 890 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    40-1.
    Ось­ті жел­дет­кіш­тер; көп са­ты­лы тур­бо­ком­прес­сор­лар ****
    8414 59 200 0,
    8414 80 190 0
    »;
    реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    67.
    Ке­ме­нің дер­рик-кран­да­ры; ка­бель-кран­дар­ды қо­са ал­ған­да, кө­тер­гіш кран­дар; кө­тер­гіш кран­мен жа­рақ­тал­ған кө­тер­гіш жы­л­жы­ма­лы фер­ма­лар, пор­таль­ды жүк ти­егіш­тер мен тір­ке­ме­лер, жүк кө­те­рім­ді­лі­гі 5 тон­на­дан 20 тон­на­ға дей­ін элек­тр­лі кө­пір­лі кран­дар­ды, жүк кө­те­рім­ді­лі­гі 5 тон­на­дан 20 тон­на­ға дей­ін элек­тр­лі төрт та­ған­ды кран­дар­ды, жол ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын­да мон­таж үшін ар­нал­ған, жүк кө­те­рім­ді­лі­гі 10 тон­на­дан 25 тон­на­ға дей­ін кран­дар­дан бас­қа гид­рав­ли­ка­лық кран­дар
    8426-дан (8426 99 000 0, 8426 91 900 9, 8426 20 000 0 бас­қа)
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    123-1.
    Құ­быр­лар­ға, қа­зан­дық­тар­ға, ре­зер­ву­ар­лар­ға, ци­стер­на­лар­ға, бак­тар­ға неме­се ре­дук­ци­я­лық және тер­мо­рет­те­ле­тін кла­пан­дар­ды қо­са ал­ған­да, ұқсас ыдыс­тар­ға ар­нал­ған кран­дар, кла­пан­дар, вен­тиль­дер және ұқсас ар­ма­ту­ра ****
    8481 10 990 8,
    8481 40 100 0,
    8481 80 510 0,
    8481 80 710 0,
    8481 80 870 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 143-2-жолмен толықтырылсын:
    «
    143-2.
    Қу­ат­ты­лы­ғы 1 кВА-дан ас­пай­тын өзге транс­фор­ма­тор­лар ****
    8504 31 800 7
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 153-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    153-1.
    Ком­му­та­ци­я­ға неме­се электр тіз­бек­те­рін қор­ғау­ға ар­нал­ған неме­се электр тіз­бек­те­ріне неме­се 1000 В-тен ар­тық кер­не­уде­гі электр тіз­бе­гіне қо­су­ға ар­нал­ған электр ап­па­ра­ту­ра­сы (мы­са­лы, ажы­рат­қы­штар, ауы­сты­рып қо­сқы­штар, бөл­гіш­тер, жа­тық сақ­та­ғы­штар, жай­тарт­қы­штар, кер­не­уді шек­те­гіш­тер, кер­не­удің се­кір­ме­лі­лі­гін те­же­гіш­тер, ток қа­был­да­ғы­штар, ток алушы­лар және өзге де қо­сқы­штар, бай­ла­ны­стыр­ғыш қо­рап­тар): ав­то­мат­ты ажы­рат­қы­штар: өзге­ле­рі; ағыт­қы­штар мен бөл­гіш­тер: сырт­қы ап­па­ра­ту­ра­ны қо­су­ға ар­нал­ған бе­кі­ту те­сік­те­рі бар мон­таж­ды ер­не­удің ке­мін­де еке­уін құ­рай­тын алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­ның кор­пу­сын­да ке­мін­де 110кВ, бі­рақ 550 кВ көп емес кер­не­у­ге ар­нал­ған эле­га­з­ды ай­ыр­ғыш-жер­лен­дір­гіш, мұн­да, ең көп де­ген­де, мон­таж­ды ер­не­удің еке­уін­де ор­та­сы 330 мм кем емес, бі­рақ 680 мм ас­пай­тын щең­бер­лі диа­метр­ге ор­на­ла­сты­ры­л­ған бе­кі­ту те­сік­те­рі бо­ла­ды; сырт­қы ап­па­ра­ту­ра­ны қо­су­ға ар­нал­ған бе­кі­ту те­сік­те­рі бар мон­таж­ды ер­не­удің ке­мін­де еке­уін құ­рай­тын алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­ның кор­пу­сын­да ке­мін­де 110кВ, бі­рақ 550 кВ көп емес кер­не­у­ге ар­нал­ған эле­га­з­ды жер­лен­дір­гіш, ор­та­сы 330 мм кем емес, бі­рақ 680 мм ас­пай­тын щең­бер­лі диа­метр­ге ор­на­ла­сты­ры­л­ған бе­кі­ту те­сік­те­рі бар ****
    8535 29 000 0,
    8535 30 900 2,
    8535 30 900 3
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 155-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    155-1.
    Ком­му­та­ци­я­ға неме­се электр тіз­бек­те­рін қор­ғау­ға ар­нал­ған неме­се электр тіз­бек­те­ріне неме­се 1000 В-тен ар­тық кер­не­уде­гі электр тіз­бе­гіне қо­су­ға ар­нал­ған электр ап­па­ра­ту­ра­сы (мы­са­лы, ажы­рат­қы­штар, ауы­сты­рып қо­сқы­штар, бөл­гіш­тер, ре­ле, жа­тық сақ­та­ғы­штар, кер­не­удің се­кір­ме­лі­лі­гін те­же­гіш­тер, штеп­сель­ді аша­лар мен ро­зет­ка­лар, электр шам­да­ры­на ар­нал­ған па­трон­дар және өзге қо­сқы­штар, бай­ла­ны­стыр­ғыш қо­рап­тар); оп­ти­ка­лық тал­шық­тар, тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бу­ма­лар мен кә­біл­дер­ге ар­нал­ған қо­сқы­штар: өзге құ­ры­л­ғы­лар ****
    8536 90 850 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    160-1.
    Өзге де 1000 В-тан аса­тын кер­не­у­ге ар­нал­ған электр өт­кіз­гіш­те­рі: мыс өт­кіз­гіш­те­рі­мен ****
    8544 60 100 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 212-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    212-1.
    Сұйықтықтардың немесе газдардың шығысын, деңгейін, қысымын немесе басқа да айнымалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, шығыс өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер) ****
    9026 20 800 0
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 215-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    215-1.
    Ав­то­мат­ты рет­те­у­ге неме­се бас­қа­ру­ға ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­ры­л­ғы­лар: өзге де ас­пап­тар мен құ­ры­л­ғы­лар: өзге­ле­рі ****
    9032 89 000 0
    ».
    Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
    «Ескертпе:
    Қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдаланудың қарапайымдылығы үшін берілген.
    * тауарлардың номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де анықталады.
    ** арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғалар және (немесе) осындай заңды тұлғалар үшін тауарларды импорттайтын лизингтік компаниялар үшін.
    *** - * және **.
    **** - генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім және (немесе) инвестициялық келісімшарт жасасқан, жылу және электр энергетикасы салаларының объектілерін салу, жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында жабдықтарды импорттайтын заңды тұлғалар және (немесе) осындай заңды тұлғалар үшін тауарларды импорттайтын лизингтік компаниялар үшін.».
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    Н. Байбазаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.