Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қазан 2024 ж.

    Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

    «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген);

    2) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму,

    инновациялар және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары

    білім министрі

    2024 жылғы 1 қазандағы

    № 472

    Бұйрықпен бекітілген

    Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және:

    1) Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу;

    2) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртіптерін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) диссертациялық кеңестер - докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы алқалы органдар;

    2) заңды тұлға - меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым;

    3) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

    4) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор - ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;

    2-тарау. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

    3. Мемлекеттік тіркеуді «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ҰМҒТСО) жүзеге асырады.

    4. ҰМҒТСО философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

    5. Жеке және заңды тұлғалар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде ҰМҒТСО-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:

    1) диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның бланкіндегі ілеспе хаты;

    2) осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша диссертацияның есепке алу картасы;

    3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертация (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелді);

    4) қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі диссертациялық жұмыстың аннотациясы;

    5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі.

    6. ҰМҒТСО -ы жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді.

    7. Диссертациялық кеңестің «ҰҒТАО» АҚ-ға ұсынған құжаттары кері қайтаруға жатпайды.

    3-тарау. «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    8. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

    9. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8- тармағында (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттандыру объектісі – www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттандыру объектісі) арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 2- қосымшаға сәйкес ұсынады.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдістерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптардың тізбесінде мазмұндалған.

    Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

    10. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаудан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік тіркеу үшін Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша бұл мерзімді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеуді жүзеге асыратын ұйым ұзартуы мүмкін.

    Ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және адамды қызмет алуға өтініш беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.

    11. Өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді, қабылдайды, тіркейді және жауапты құрылымдық бөлімшенің қарауына береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттандыру объектісі арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

    Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

    12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді.

    Осы Қағидалардың талаптары орындалған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген тәртіппен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және осы Қағидалардың 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірі бар диссертацияның есепке алу картасын жолдайды.

    Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген себептерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

    Қағаз нысанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    13. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (ескерту) көрсетілетін қызметті алушының абоненттік ұялы байланыс нөміріне немесе электрондық поштасына немесе басқа да байланыс түрлерін қолдана отырып, мәтіндік хабарлама не/немесе қоңырауды жазуды қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

    Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде сұрау салынған өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    15. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі is.ncste.kz ақпараттандыру объектісінің операторын және көрсетілетін қызметті берушіні осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік акт қабылдаса немесе әкімшілік әрекетті қолданса, шағымды оны қарайтын органға жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

    17. Сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    Философия докторы (PhD), бейіні

    бойынша доктор дәрежесін алуға

    қорғалған диссертацияларды мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТАСЫ
    06 Философия докторы PhD 07 Профиль бойынша докторы
    Қайда: 050026, Алматы қаласы,
    Бөгенбай батыр көшесі, 221
    + 7 (727) 222-11-02 Ішкі.: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.
    Шығыс №, күні
    Инвентарлық №
    Докторанттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) / туған жылы

    /

    Қорғаған күні
    Ғылыми мамандығының шифры
    Мамандығының атауы
    Диссертация тілі
    Ата­уы
    Ғы­лы­ми ке­нес­ші­ле­рі
    Ре­цен­зент­те­рі
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы
    Ғы­лы­ми ма­манды­ғы­ның шиф­ры
    Ұй­ым­ның то­лық ата­уы
    Қа­ла­сы
    Елі
    Те­ле­фо­ны
    Беттер саны
    Патенттер
    Жарияланым
    Таратылу жағдайы Ақысыз беру
    Қосым- шалар
    Қолданылған әдебиеттер
    Енгізу енгізілген енгізілмеген
    Шығын орнын толтыртып беру
    Жұмыстың мемлекеттік тіркеуі №
    Бағдарламасының шифры
    Докторант оқыған және диссертация орындалған ұйым туралы мәліметтер
    Қаласы
    Елі
    Телефоны
    Электрондық мекен-жайы
    Ұйымның қысқаша атауы
    Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы
    Ұйымның толық атауы
    Ұйымның мекен-жайы
    Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер
    Қаласы
    Елі
    Телефоны
    Электрондық мекенжайы
    Ұйымның қысқаша атауы
    Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы
    Ұйымның толық атауы
    Ұйымның мекен-жайы
    Диссертациялық кеңестің телефоны
    Диссертацияның атауы
    Реферат
    Зерт­теу ны­са­ны:
    Мақ­са­ты:
    Зерт­теу әді­сте­рі:
    Зерт­те­удің ғы­лы­ми жа­ңа­лы­ғы:
    Жұ­мыстың прак­ти­ка­лық құн­ды­лы­ғы:
    Іске асырылуға ұсынылатын өнім
    Базалар, дерекқор
    Техникалық құжаттама
    Әдістемелік құжаттама
    Программалық құжаттама
    Технология
    Әдістер, тәсілдер
    Модель
    Материялдар
    Қосылыстар
    Препараттар
    Ауыл шаруашылығы. дақылдарының сұрыптары
    Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары
    Коллекциялар
    Карталар
    Стандарттар, нормативтер
    Техника үлгісі
    Автоматтандырылған жүйе
    Сериялық өнім
    Басқа (көрсетіңіз)
    Әмбебап ондық классификатор индексі
    Ата­уы
    Те­гі, аты әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы
    Қо­лы
    Мөр ор­ны (болған жағ­дай­да)
    Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңе­стің тө­ра­ға­сы
    Тақырыптық айдарлар коды (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы)
    Түй­ін­ді сө­здер
    Тір­кеу кү­ні
    01
    02
    03
    04
    05

    Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    2-қосымша

    «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    «Ұлт­тық мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық са­рап­та­ма ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сі­лі
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    1) элек­трон­дық ны­сан­да ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі – www.​is.​ncste.​kz ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы (бұ­дан әрі – ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі)
    2) қа­ғаз тү­рін­де – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі:
    элек­трон­дық – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні; қа­ғаз тү­рін­де – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор дә­ре­же­сін алу­ға қор­ғал­ған дис­сер­та­ци­я­лар - мем­ле­кет­тiк тiр­кеу нө­мiрiн бе­ре оты­рып, дис­сер­та­ци­я­ны есеп­ке алу кар­та­сын бе­ру неме­се се­беп­терiн көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­дi бас тар­ту
    6
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ақы­сыз негіз­де көр­се­ті­ле­ді
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі үзі­ліс 13.00-ден 14.00-ге дей­ін.
    Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ке­ле­сі құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды (құ­жат­тар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі – www.​is.​ncste.​kz ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы қа­был­да­ған жағ­дай­да құ­жат­тар элек­трон­дық кө­шір­ме­лер тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды):
    Фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор ғы­лы­ми дә­ре­же­сін алу үшін қор­ғал­ған дис­сер­та­ци­я­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
    1) дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңес жұ­мыс іс­тей­тін ұй­ым­ның блан­кін­де­гі іле­с­пе ха­ты;
    2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша дис­сер­та­ци­я­ның есеп­ке алу кар­та­сы;
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы 31 на­уры­зда­ғы № 127 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Дә­ре­же­лер­ді бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор дә­ре­же­сін алу­ға қор­ғал­ған дис­сер­та­ция (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6951 бо­лып тір­кел­ді);
    4) қа­зақ, орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де­гі дис­сер­та­ци­я­лық жұ­мыстың ан­но­та­ци­я­сы;
    5) дис­сер­та­ция та­қы­ры­бы бой­ын­ша жа­ри­я­лан­ған ғы­лы­ми ең­бек­тер­дің ті­зі­мі.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік қыз­мет алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре­тін өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы бар болған жағ­дай­да, ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, со­ны­мен қа­тар, «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық бө­лім­ше­ле­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
    + 7 (727) 222-11-02 іш­кі: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.

    Философия докторы (PhD), бейіні бойынша

    доктор дәрежесін алуға қорғалған

    диссертацияларды мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Кімге: _________________________

    _______________________________

    (көрсетілетін қызметті берушінің

    атауы/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Кімнен:_________________________

    Тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған жағдайда)

    Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңіне дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беруге келісім беремін.

    Осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында бұл дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімсің тұрақты түрде заңды күші бар.

    Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерде дербес деректердің таратылмағаны туралы хабарлаймын.

    Жиналатын деректердің тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық пошта, телефон нөмірі.

    _________ (қолы)

    _________ (күні)

    Философия докторы (PhD), бейіні бойынша

    доктор дәрежесін алуға қорғалған

    диссертацияларды мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тарту

    Ата­уы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы
    Док­то­рант
    Негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9 - тар­ма­ға­ның та­лап­та­ры
    Бас тар­ту негіз­де­ме­сі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.