«Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/438 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-5 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қыркүйек 2024 ж.

    «Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/438 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-5 шешімінің күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/438 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3467 болып тіркелген) күші жойылсын.

    2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысының әкімі

    М.Ахметжанов

    Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    Б.Жүсіпов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.