«Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қыркүйек 2024 ж.

    «Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қармақшы ауданының әкімі

    Ж. Еркінбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.