«Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2024 ж.

    «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26986 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережеде:

    5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) облыстық ономастика комиссиялары:

    Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;

    Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;».

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.