Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 19-138/VIII «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2024 ж.

    Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 19-138/VIII «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Азаматтық қызмтшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сайрам аудандық мәслихатының «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы» 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-138/VІІІ шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Сайрам ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.».

    Көрсетілген шешім 2 қосымшамен толықтырылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Ш.Халмурадов

    Сайрам аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 27 қыркүйектегі

    №20-147/VIII шешіміне 2 қосымша

    Сайрам аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 6 тамыздағы

    №19-138/VIII шешіміне 2 қосымша

    Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары

    № р/с
    Буындар мен біліктілік разрядтар атауы
    Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері
    1
    А1-3
    50%
    2
    А1-3-1
    50%
    3
    А2-3
    50%
    4
    А3-3
    50%
    5
    В4-1
    50%
    6
    С-2
    50%
    7
    D (қосалқы персонал)
    50%
    8
    1
    50%
    9
    2
    50%
    10
    3
    50%
    11
    4
    50%
    12
    5
    50%

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.