«Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2024 ж.

    «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:

    «Букмекерлік кеңсе үшін» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    1
    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
    2
    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
    3
    осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметімен айналысуға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
    4
    «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары**
    5
    бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт
    »;
    «Тотализатор үшін» бөлімінде:
    реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1
    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
    2
    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
    »;
    «Казино үшін» бөлімінде:
    реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1
    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңы 61-бабының 2-тармағына сәйкес өртке қарсы және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 4-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (растайтын құжат ұсына отырып: сертификат немесе үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік), үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
    2
    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
    »;
    «Ойын зал автоматтары» бөлімінде:

    2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі

    Е. Мырзабосынов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    туризм және спорт министрі

    2024 жылғы 26 қыркүйектегі

    № 167 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және спорт

    министрінің

    2015 жылғы 30 наурыздағы

    № 115 бұйрығына

    2-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде, үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Ғи­ма­рат­тың ме­кен­жайы
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бе­ре­тін құ­жат­тың ата­уы, кү­ні, нө­мі­рі
    Кас­са­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (са­ны, ме­кен­жайы, ор­на­лас­қан ор­ны, элек­трон­ды кас­са­ның ме­кен­жайы (болған жағ­дай­да)
    Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­ла­рын­да рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның бо­луы
    Ес­керт­пе (эпи­де­ми­я­лық ма­ңы­зы жо­ға­ры объ­ек­ті­лер үшін-са­ни­та­ри­я­лық – эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу, эпи­де­ми­я­лық ма­ңы­зы ша­ма­лы объ­ек­ті­лер үшін-қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7

    Қазақстан Республикасы

    туризм және спорт министрі

    2024 жылғы 26 қыркүйектегі

    № 167 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және спорт

    министрінің

    2015 жылғы 30 наурыздағы

    № 115 бұйрығына

    3-қосымша

    Нысан

    Меншік құқығындағы жабдықтардың болуы туралы мәліметтер

    № р/с
    Ой­ын жабды­ғы­ның ата­уы
    Ой­ын жабды­ғы­ның тү­рі
    Са­тып алын­ған жаб­дық­тың шар­ты­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    Жаб­дық­ты қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сі­нің нө­мі­рі мен кү­ні
    Мақ­са­ты (бук­ме­кер­лік кең­се­ге неме­се то­та­ли­за­тор­ға неме­се ка­зи­но­ға неме­се ой­ын ав­то­мат­та­ры зал­да­ры­на ар­нал­ған)
    Са­ны
    Се­ри­я­лық неме­се ин­вен­тар­лық нө­мі­рі
    Өн­ді­ру­ші
    Тех­ни­ка­лық жай-күйі (жа­ңа, бұ­рын пай­да­ла­ны­л­ған)
    Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні, бер­ген ор­ган (жа­ңа ой­ын ав­то­мат­та­ры үшін)
    Жаб­дық­тар­ды те­сті­леу кү­ні (жа­ңа ой­ын ав­то­мат­та­ры үшін)
    Ба­қы­лау-кас­са­лық ап­па­рат­тың (фис­ка­ли­за­тор) нө­мі­рі (болған жағ­дай­да)
    Т ех­но­ло­ги­я­лық тұр­ғы­дан ой­ын ав­то­ма­ты­на ен­гі­зі­л­ген ұтыс пай­ы­зы (ой­ын ав­то­мат­та­ры үшін)
    Та­у­ар бел­гі­сі­нің та­уы
    Ой­ын
    ме­ке­ме­сі­нің
    ин­тер­нет-ре­сур­сы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.