«Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарында:
«Басқарушы персонал» деген бөлімінде:
реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4.
|
Аға жаттықтырушы (немесе аға жаттықтырушы-оқытушы)
|
олимпиада резервін даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОРДО), олимпиадалық даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОДО), дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығын (бұдан әрі – СДО) қоспағанда, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) әрбір дамытып жатқан спорт түріне 1 бірлік
|
|
ОРДО, ОДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы) 1 бірлік
|
||
|
СДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар, жастар және ересектер жасындағы) 1 бірлік
»;
«Негізгі персонал» деген бөлімінде:
реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
||
|
6.
|
Дәрігер
|
БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік
|
|
СДО 6 бірліктен артық емес
|
||
|
3 бірліктен артық емес (БЖСМ, БЖДДК, СДО қоспағанда, барлық ұйымдар үшін)
»;
реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
||
|
8.
|
Медициналық бике/аға (мамандандырылған) (массаж бойынша)
|
ОДО, СДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік
|
|
ОДО, СДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен артық емес
»;
реттік нөмірі 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
||
|
12.
|
Әдіскер
|
ОДО, СДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік
|
|
ОДО, СДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен артық емес
»;
«Әкімшілік персонал» деген бөлімінде:
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
||
|
15.
|
Заңгер
|
ОДО және СДО басқа 1 бірлік
|
|
ОДО және СДО 2 бірліктен артық емес
|
||
|
16.
|
Аудармашы
|
ОДО және СДО басқа 1 бірлік
|
|
ОДО және СДО 2 бірліктен артық емес
»;
«Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері» деген бөлімінде:
«мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ұйымдар үшін» кіші бөлімінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдар арасындағы спортты дамытып жатқан ұйымдар үшін».
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.