Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Алатау қаласы мәслихатының және Алатау қаласы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін.

    2. «Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы №25-123 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы №253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №199727 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    К. Байгоджаев

    Бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-135 шешімі мен Алматы облысының әкімдігі 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 299 қаулысына қосымша

    Алматы облысы Алатау қаласының шекарасына енгізілетін жерлердің экспликациясы

    Аудан­дар мен қа­ла­лар­дың ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
     оның ішін­де:
    ел­ді ме­кен­дер­дің (қа­ла­лар­дың, кент­тер­дің және ауыл­дық округ­тер­дің)
    жер­ле­рі
    (гек­тар)
    ауыл ша­ру­а­шы-лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті­нің, қор­ға­ны­стың, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік­тің мұқ­таж­да­ры үшін және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лық емес мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    рек­ше қор­ға­ла­тын та­би­ғи
    аумақ­тар, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және
    та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер
    (гек­тар)
    ор­ман қо­ры-ның жер­ле­рі
    (гек­тар)
    су қо­ры-ның жер­ле­рі
    (гек­тар)
    босал­қы жер­лер
    (гек­тар)
    Қо­на­ев қа­ла­сы
    10962
    810,7899
    2865,1064
    2924,2898
    50,0251
    445,185
    2303,145
    1563,454
    2
    Іле
    ауда­ны
    64985
    2990,8968
    45152,9732
    8852,1196
    -
    37,9
    3994,031
    3957,08
    3
    Тал­ғар ауда­ны
    12053
    145,9942
    8305,8326
    223,2452
    -
    -
    315,141
    3062,79
    4
    Бар­лы­ғы
    88000
    3947,6809
    56323,9122
    11999,6546
    50,0251
    483,085
    6612,317
    8583,324

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.