Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 26-117 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» № 26-117 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 3 қарашадағы № 26-117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    С. Нуркадыров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.