Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«191) заңды тұлғаларға:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру;»;
мынадай мазмұндағы 234-1), 234-2), 234-3), 234-4), 234-5), 234-6) және 234-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«234-1) оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша білімін, машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;
234-2) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
234-3) педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мектепішілік есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
234-4) психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
234-5) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне құқықтық тәрбие беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
234-6) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оларды білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
234-7) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізу;».
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.