Аягөз аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қыркүйек 2024 ж.

    Аягөз аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

    1. «Аягөз ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/428-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аягөз аудандық мәслихат төрағасы

    А. Ибрайшин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.