«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «32-1) ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құру құқығын беру тәртібін айқындайды;

    32-2) жеке күзет ұйымы қызметкерлері санының нормативін белгілейді;»;

    70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «70) дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «70-1) верификациялау рәсімінен өту тәртібін айқындайды;».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.