Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу
Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8983-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
К. Бахтияров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.