Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының «Мал жайылымы үшін бір реткі төлем мөлшерін бекіту туралы» 2006 жылғы 14 шілдедегі № 29-5 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қыркүйек 2024 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының «Мал жайылымы үшін бір реткі төлем мөлшерін бекіту туралы» 2006 жылғы 14 шілдедегі № 29-5 шешімінің күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақжар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 шілдедегі № 29-5 «Мал жайылымы үшін бір реткі төлем мөлшерін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-34 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Жусупбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.