Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қыркүйек 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 148-3) тармақшамен толықтырылсын:

    «148-3) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

    реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын;

    2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

    «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

    реттік нөмірі 16-8-жол алып тасталсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.