«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қыркүйек 2024 ж.

    «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарда:

    20-тармақта:

    2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының картографиялық материалдарына сәйкестігі;»;

    21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «21. Электрондық нысандағы оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар осы Талаптардың 1–20-тарауларымен қатар қосымша мынадай ережелерді қамтиды:

    1) түсінікті (қисынды) интерфейстің қолданылуы;

    2) кері байланыс және бақылау құралдарының қолданылуы;

    3) навигациялық кеңестердің болуы;

    4) мультимедиялық контенттің және интерактивті тапсырмалардың болуы;

    5) негізгі тақырыптар, ұғымдар мен терминдерді түсіндірмелермен сөздіктерге бағыттайтын гиперсілтемелермен қамтамасыз етілуі;

    6) ақпараттың айналдырылатын HTML бетте вертикальді бағытта баяндалуы;

    7) кең тараған компьютерлік және мобильді құрылғыларда және олардың қазіргі операциялық жүйелерінде (Windows (Уиндоус), Mac OS (Мак ОС), Android (Андроид), IOS (Ай ОС)) жұмыс істеуі;

    8) кең тараған тегін браузерлер немесе оқитын бағдарламаларын, сонымен қатар сыртқы ақпарат тасығыш құралдарында пайдалану;

    9) аудио және бейне материалдарды ойнату үшін қосымша плагиндерді орнатуда қажеттіліктің болмауы;

    10) онлайн қолжетімді электрондық білім беру платформаларында және офлайн қолжетімді сыртқы ақпарат тасығыштарда контентті орналастыруы;

    11) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес онлайн-режимде электрондық оқулықтарды пайдаланатын педагогтердің, білім алушылардың және (немесе) ата-аналардың дербес деректерін қауіпсіз сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуі;

    12) мәтіндік ақпараттың электрондық типографика нормаларына сәйкестігі;

    13) веб-шолғыштың көмегімен мәтін фрагменттерін іздеу мен көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін және электрондық құжаттардың әртүрлі кеңейтімдеріне сәйкес келетін форматты пайдалану;

    14) қаріпті және (немесе) бетті (экранды) масштабтауды (үлкейтуді және кішірейтуді) жүзеге асыру;

    15) жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкес келетін кескін пішімін пайдалану;

    16) иллюстрацияны векторлық немесе расторлық форматта орындау;

    17) суреттердің (карталардың, схемалардың, кестелердің, графиктердің, сызбалардың) өлшемдері бір жағынан кемінде 300 пиксель және жалпыға қолжетімді форматта орындалған;

    18) бейнематериал форматының жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкестігі;

    19) бейнематериалдың ажыратымдылығы кемінде 1280x720, арақатынасы 16: 9;

    20) экран бетін бейнематериалмен толық толтыру;

    21) аудио материалды AAC, AC3, OGG, Mp3, MP4 форматтарында орындау, ойнату арналары – 2 (стерео);

    22) оқытуды деңгейлік саралауға, даралауға және жекелендіруге арналған материалдардың болуы;

    23) геймификация элементтерінің болуы;

    24) жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша виртуалды зертханасы бар дидактикалық материалдардың болуы.».

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Г. Бейсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы Цифрлық

    даму, инновациялар және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.