Өсімдіктер дүниесі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2024 ж.

    Өсімдіктер дүниесі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер»;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер» бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2024 жылғы 19 қыркүйектегі

    № 215 Бұйрыққа

    1-қосымша

    «Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығына

    Әкімшілік деректер нысаны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған (www.gov.kz).

    Әкімшілік деректер нысанының атауы: «Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер»

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-РМ

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең: 20 __ жыл.

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: генетикалық ресурстарды жеткізуші немесе олардың әлеуетті пайдаланушысы

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей

    № р/с
    ЖСН, БСН, Сұ­рау са­лы­на-тын ге­не­ти­ка-лық ре­сур­стың ата­уы, заң­ды ме­кен­жайы, бай­ла­ныс тұл-ға­сы, жет­кі­зу-ші­нің және әле­ует­ті пай­да­ла­ну­шы­ның те­ле­фо­ны және элект-рон­дық по­шта ме­кен­жайы
    Ге­не­ти­ка­лық ре­сурс-тың био­ло-ги­я­лық тү­рі (егер бел­гі­лі бо-лса), оның ішін­де ла-тын ата­уы
    Үл­гі­лер­дің са­ны (да­на/ ки­ло­грамм)* және қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
    Пай­да­ла­ну тү­рі (ғы­лы-ми зерт­теу-лер; ком­мер­ци­я­лық пай­да­ла­ну)
    Ғы­лы­ми зерт­те­удің ком­мер­ция лық пай-да­ла­ну­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы және мақ­са­ты
    Ын­ты­мақ­та­стық ту­ра­лы шарт (шарт жо­ба­сы) неме­се ке­лі­сім (ке­лі­сім жо­ба­сы) (егер дай­ын­дал­ған бол­са)
    1.
    2.
    3.
    4.
    5.
    6.
    7.
    * ескерту: үлгінің түріне байланысты өлшем бірлігі даналап немесе килограммен көрсетіледі.

    Телефон ______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

    __________________________________________________ ____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

    Мөр орны (бар болса)

    «Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда сұрау салынатын генетикалық ресурстың атауы, заңды мекенжайы, байланыс тұлғасы, жеткізушінің және әлеуетті пайдаланушының телефоны және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі;

    3-бағанда латын атауын қоса алғанда, генетикалық ресурстың биологиялық түрі (егер белгілі болса) көрсетіледі;

    4-бағанда үлгілердің саны мен қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;

    5-бағанда пайдалану түрі (ғылыми зерттеулер; коммерциялық пайдалану) көрсетіледі;

    6-бағанда ғылыми зерттеудің / коммерциялық пайдаланудың қысқаша сипаттамасы мен мақсаты көрсетіледі;

    7-бағанда ынтымақтастық туралы шарт (шарт жобасы) немесе келісім (келісім жобасы) (егер дайындалған болса) көрсетіледі.

    Бұйрыққа 2-қосымша

    «Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне

    Әкімшілік деректер нысаны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет – ресурсында орналастырылған (www.gov.kz).

    Әкімшілік деректер нысанының атауы: «Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер»

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-рм

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең: 20___ ж.

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары.

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1-маусымға дейін.

    р/с
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ы­мы­ның / жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы
    Өсім­дік­тер­дің аумақ­тық та­ра­луы, олар­дың по­пу­ля­ци­я­ла­ры­ның жай-күйі, сан­дық және са­па­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Өсім­дік­тер дү­ни­е­сін ша­ру­а­шы­лық пай­да­ла­ну­дың си­па­ты мен кө­ле­мі ту­ра­лы де­ректер
    Өсім­дік­тер­дің та­ра­лу кар­та­ла­ры
    Өсім­дік­тер­дің өсу ор­та­сы­ның жал­пы жағ­дай­ын си­паттау, өсім­дік­тер дү­ни­е­сін эко­но­ми­ка­лық ба­ға­лау
    Ти­іс­ті ны­сан­дар мен кө­лем­дер­де мүд­де­лі пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ка­дастр­лық ақ­па­рат­ты бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен жүй­е­леу, сақ­тау, жа­ңар­ту және же­дел бе­ру жө­нін­де­гі ре­гла­мент­те­у­ші та­лап­тар
    1.
    2.
    3.
    4.
    5.
    6.
    7.

    Телефоны ______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

    Орындаушы _____________________________________ _____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

    __________________________________________________ ____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

    Мөр орны (бар болса)

    «Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандандырылған ұйымының / жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның атауы көрсетіледі;

    3-бағанда өсімдіктердің аумақтық таралуы, олардың популяцияларының жай-күйі, сандық және сапалық сипаттамалары туралы мәліметтер көрсетіледі;

    4-бағанда өсімдіктердің таралу карталары келтіріледі;

    5-бағанда өсімдіктер дүниесін шаруашылық пайдаланудың сипаты мен көлемі туралы деректер көрсетіледі;

    6-бағанда өсімдіктердің өсу ортасының жалпы жай-күйінің сипаттамасы, өсімдіктер дүниесінің экономикалық бағасы келтіріледі;

    7-бағанда тиісті нысандар мен көлемдерде мүдделі пайдаланушыларға кадастрлық ақпаратты белгіленген тәртіппен жүйелеу, сақтау, жаңарту және жедел беру жөніндегі регламенттеуші талаптар көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.