«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қыркүйек 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

    16-тармақ мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «52-1) телерадио хабарларын тарату желiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.