Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 4 қыркүйек 2024 ж.
Жітіқара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 70 «Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара аудандық мәслихатының «Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қарашадағы № 70 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы
Н. Уразалинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.