Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданы елдi мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданы елдi мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданы елдi мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы
Н. Уразалинов
Мәслихаттың
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 205 шешіміне
1-қосымша
Жітіқара қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Мәслихаттың
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 205 шешіміне
2-қосымша
Жітіқара ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Мәслихаттың
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 205 шешіміне
3-қосымша
Жітіқара қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
|
№
|
Аймақ нөмірі
|
Бағалау аймақтарының шекаралары
|
Түзету коэффициенттері
|
|
1
|
I
|
Жібек жолы, Досқали Асымбаев, Шоқан Уәлиханов, Қажыкей Жақыпов, Ахмет Байтұрсынов көшелері,
1, 2, 3, 4, 5, 5А, 5В, 6, 7, 11 шағын аудандары
|
1,8
|
|
2
|
II
|
12, 13, Айнабұлақ, Дружба, Желтоқсан шағын аудандары, солтүстік өнеркәсіптік аймақ
|
1,5
|
|
3
|
III
|
Естай Есжанов, Қостанай көшелері, Кеңсай шағын ауданы,
Жамбыл атындағы мәдениет және демалыс саябағы
|
1,2
|
|
4
|
IV
|
Клубная, Горная көшелері
|
1,0
|
|
5
|
V
|
оңтүстік-шығыс өнеркәсіптік аймақ
|
0,8
|
|
6
|
VI
|
«Садоводческое товарищество «Мичуринец» тұтыну кооперативі, «Садоводческое товарищество «СТРОИТЕЛЬ» тұтыну кооперативі,
|
0,6
|
|
7
|
VII
|
қаланың резервтегі жерлері
|
0,5
|
Мәслихаттың
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 205 шешіміне
4-қосымша
Жітіқара ауданы елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекалары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
|
№
|
Аймақ нөмірі
|
Бағалау аймақтарының шекаралары
|
Түзету
коэффициенттері
|
|
1
|
I
|
Забелов ауылы 1 (007) учаске
Милютин ауылы (015)
Пригородный ауылы (001 – 002)
Чайковский ауылы (005)
Ырсай ауылы (033)
Приречный ауылы (017)
Тургенов ауылы (009)
Тоқтаров ауылы (019)
|
1,65
|
|
2
|
II
|
Степной ауылы (027)
Құсақан ауылы (009)
Мүктікөл ауылы (021)
|
1,4
|
|
3
|
III
|
Шевченковка ауылы (013)
|
1,3
|
|
4
|
IV
|
Волгоград ауылы (029)
Мүктікөл ауылы (025)
|
1,1
|
|
5
|
V
|
Аққарға ауылы (031)
Тасыбай ауылы (011)
Львов ауылы (019)
|
1
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.