Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қыркүйек 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралының габаритін, салмағын және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын, автокөлік құралдарымен тасымалданатын бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру тәртібін анықтайды.»;

    3-тармақта:

    3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасының Көлік министрлiгі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетiнің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкiлеттi орган), әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органдары);»;

    5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) бүркемелеу автомобиль – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Автомобиль жолдары бойынша іpi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы (бұдан әрі – ЖЖҚ) және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына қойылатын қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).»;

    49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «49. Көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын арнайы рұқсат белгiленген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында сұйық жүкті тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.

    Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге бір сапарға беріледі.»;

    4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы

    М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 13 қыркүйектегі

    № 297

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Көлік және коммуникация

    министрінің

    2011 жылғы 23 ақпандағы

    № 87 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі – Келісім) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.

    2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) жүргізуші – көлік құралын басқарушы тұлға;

    2) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) – келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;

    3) тасымалдаушы (көлік операторы) – жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.

    2-тарау. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидалары

    3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау постында тасымалдаушының немесе жүргізушінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.

    4. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.

    Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

    5. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:

    1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;

    2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;

    3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;

    4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.

    6. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.

    7. Сертификат типографиялық әдіспен дайындалады және қорғау жүйесі бар.

    Сертификаттың бланктері қатаң есепке алынатын бланкілер болып табылады.

    8. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.

    9. Қазақстан Республикасының аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.

    3-тарау. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

    10. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    11. Көрсетілетін қызметті алушы сертификатты алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

    Көлік құралын өлшеуге ұсынған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 1 сағат.

    12. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілгеннен кейін көлік құралын өлшеу жүзеге асырылады.

    13. Көлік құралын өлшеу нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті берушімен сертификат ресімделеді және қызметкер қызмет берушіге өз қолымен тапсырады.

    Сертификатты ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушымен 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағаны толтырылады.

    14. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұранымды қабылдау туралы мәртебесі және көлік құралын өлшеу орны мен күнін көрсете отырып хабарлама немесе «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

    15. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

    Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

    16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының аумағында

    жүк көлігі құралдарын өлшеудің

    халықаралық сертификатын қолдану

    және «Жүк көлік құралдарын өлшеудің

    халықаралық сертификатын беру»

    мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    KZ
    000000 A
    Ай­мақ ко­ды;
    Сер­ти­фи­кат нө­мі­рі
    КӨ­ЛІК ҚҰ­РАЛ­ДА­РЫН ӨЛ­ШЕ­УДІҢ ХА­ЛЫ­ҚА­РА­ЛЫҚ СЕР­ТИ­ФИ­КА­ТЫ (КҚӨХС)
    Кө­лік опе­ра­то­ры/кө­лік құ­ра­лы­ның жүр­гі­зу­ші­сі кө­лік құ­ра­лын өл­шен­ген­ге дей­ін тол­ты­ра­ды
    1. Кө­лік опе­ра­то­ры (ұй­ы­мы­ның ата­уы және ме­кен­жайы, ел­ді қо­са ал­ған­да)
    Тел. №
    Факс №
    Элек­трон­ды по­шта
    2. Та­сы­мал­дау шар­ты №1
    CARNET TIR № (егер қол­да­ны­ла­тын бол­са)2
    3. Жүк ав­то­кө­лік құ­ра­лы ту­ра­лы ақ­па­рат
    3.1. Тір­кеу нө­мі­рі
    Сүй­ре­гіш/жүк ав­то­кө­лі­гі­нің
    Жар­ты­лай тір­ке­ме­нің/тір­ке­ме­нің
    3.2. Ас­па жүй­е­сі
    Сүй­ре­гіш/жүк ав­то­кө­лі­гі­нің
    ☐ әу­еде­гі
    ☐ ме­ха­ни­ка­лық
    ☐ бас­қа­ша
    Жар­ты­лай тір­ке­ме­нің/тір­ке­ме­нің
    ☐ әу­еде­гі
    ☐ ме­ха­ни­ка­лық
    ☐ бас­қа­ша
    Уәкі­лет­ті өл­шеу стан­ци­я­сы­ның қыз­мет­ке­рі тол­ты­ра­ды
    4. 4. Уәкі­лет­ті өл­шеу стан­ци­я­сы
    (код, ата­уы және ме­кен­жайы, ел­ді қо­са ал­ған­да)
    5. Кө­лік құ­ра­лын өл­шеу №3
    _______. ______________. ____________
    4.1. Өл­ше­у­ге ар­нал­ған жаб­дық­тың дәл­дік клас­сы 4
    ☐ Класс III неме­се жо­ға­ры және/неме­се ☐ ‹ 1 ☐ 1 ☐ 2
    6. Бе­ру кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
    7. Жүк кө­лік құ­рал­да­рын өл­шеу
    (осы сер­ти­фи­кат­қа өл­шеу стан­ци­я­сы­ның түп­нұс­қа ре­сми жа­зуы ұсы­ны­луы қа­жет)
    7.1. Жүк кө­лік құ­ра­лы­ның тү­рі 5 6
    7.2. Ось­тік жүк­те­ме­ні өл­шеу, кг мен
    Же­тек­ші
    Же­тек­ші емес
    Да­ра
    Қо­сар­лан­ған
    Үш бі­лік­ті
    Бі­рін­ші ось
    Екін­ші ось
    Үшін­ші ось
    Төр­тін­ші ось
    Бе­сін­ші ось
    Ал­тын­шы ось7
    7.3. Кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы
    Сал­ма­ғын өл­шеу (кг)
    Сүй­ре­гіш/жүк ав­то­кө­лі­гі (кг)
    Жар­ты­лай тір­ке­ме­нің/тір­ке­ме­нің (кг)
    Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның
    Жал­пы сал­ма­ғы (кг)
    8. Ерекше та­ра­зы си­патта­ма­сы
    8.1. қоз­ғалт­қыш­қа қо­сы­л­ған, отын ба­гін тол­тыр­ған­ға, дей­ін:
    ☐ 1/4 ☐ 1/2 ☐ 3/4 ☐ 1/1
    8.3. Қо­сал­қы ши­на са­ны (да­на)
    8.2. қо­сал­қы отын ба­гін тол­тыр­ған­ға дей­ін:
    ☐ 1/4 ☐ 1/2 ☐3/4 ☐ 1/1
    (сал­қын­да­ту құ­ры­л­ғы­сы­на ар­нал­ған отын­ды қо­са ал­ған­да)
    8.4. Өл­шеу ке­зін­де ав­то­кө­лік ішін­де­гі адам­дар са­ны ________
    8.5. Кө­те­рі­ле­тін остін ба­ры
    ☐ ия ☐ жоқ
    Осы­мен мә­лім­дей­мін, жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген өл­шеу тө­мен­де­гі қол қой­ған­дар­мен уәкі­лет­ті өл­шеу стан­ци­я­сын­да өл­ше­ніп және мүл­тік­сіз бо­лып та­бы­ла­ды
    Қо­лы
    Өл­шеу стан­ция қыз­мет­ке­рі­нің те­гі және же­ке ко­ды
    Мөр
    ____________________
    1 мысалы: жүкқұжаты CMR №
    2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
    3 2-парақтың қосымшасына қарау
    4 Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының ұсынысына сәйкес
    5 Халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
    6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A2S2
    7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсету қажет.
    9. Уәкі­лет­ті өл­шеу стан­ци­я­сы­ның қыз­мет­ке­рі/ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жүр­гі­зу­ші­сі кө­лік құ­ра­лын өл­шен­ген­нен кей­ін тол­ты­ра­ды
    Мен мә­лім­дей­мін, мы­на­лар­ды:
    (а) Кө­лік құ­ра­лы­ның сал­ма­ғын өл­шеу жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген өл­шеу стан­ци­я­сын­да жүр­гі­зіл­ді
    (в) 1-8 ба­ға­да­ғы мә­лі­мет қа­те­сіз
    (с) Атал­ған өл­шеу стан­ци­я­сын­да өл­шен­ген­нен кей­ін жүк кө­лік құ­ра­лы­на қо­сым­ша еш­қан­дай жүк са­лын­ған жоқ
    Кү­ні
    Жүр­гі­зу­ші те­гі/жүк кө­лік құ­ра­лы­ның
    жүр­гі­зу­ші­ле­рі________________/_____________
    Кү­ні
    Ес­керт­пе (егер бол­са)
    10. Ерекше өл­шеу жағ­дай­ын­да (ба­қы­лау ке­зін­де) өл­шеу стан­ция қыз­мет­ке­рі­мен тол­ты­ры­ла­ды (3, 7, 8)8
    Өл­шеу стан­ци­я­сы _______________________________________________________________ (код, ата­уы және ме­кен-жай, ел­ді қо­са)
    Кү­ні
    Өл­шеу стан­ция қыз­мет­ке­рі­нің фа­ми­ли­я­сы
    Қо­лы
    Мөр
    Ерекше өл­шеу (ба­қы­лау ке­зін­де) нәти­же­сі және се­бе­бі
    Соң­ғы (ба­қы­ла­у­лық) өл­ше­удің се­бе­бі мен нәти­же­сі
    Ав­то­кө­лік құ­ра­лын өл­ше­удің код­тың нө­мі­рі үш эле­мент­ті де­ректер­ден тұ­ра­ды, де­фиспен жал­ған­ған
    (1) Мем­ле­кет ко­ды (1968 жы­л­ғы БҰҰ жол қоз­ға­лыс Кон­вен­ци­я­сы­на сәй­кес)
    Ар­ме­ния
    ARM
    Мол­до­ва
    MD
    Әзер­бай­жан
    AZ
    Ре­сей
    RUS
    Бе­ла­русь
    BY
    Тә­жікс­тан
    TJ
    Гру­зия
    GE
    Тү­рік­мен­стан
    TM
    Қа­зақ­стан
    KZ
    Өзбек­стан
    UZ
    Қыр­ғыз­стан
    KS
    Укра­и­на
    UA
    (2) Ұлт­тық өл­шеу стан­ци­я­сын сәй­кестен­ді­ре­тін қос мән­ді код
    (3) Же­ке­ше өл­ше­уді сәй­кестен­ді­ре­тін (ең аз болған­да), бестаң­ба­лы код
    мы­са­лы: MD - 01-23456 неме­се RUS - 14 - 000510
    Бұл се­ри­я­лық нө­мір өл­шеу стан­ци­я­сын­да­ғы жур­нал­да көр­се­ті­л­ген нө­мір­ге сәй­кес ке­лу қа­жет.
    Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
    8Осы баған екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен қатар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.

    Қазақстан Республикасының

    аумағында жүк көлігі құралдарын

    өлшеудің халықаралық сертификатын

    қолдану және «Жүк көлік құралдарын

    өлшеудің халықаралық сертификатын

    беру» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    нысан

    Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алу үшін өтініш

    1. Көлiк операторының атауы (толық мекенжайы, елiн қоса алғанда)
    Тел. №
    Факс №
    Электрондық пошта
    2. Тасымалдау шартының №1
    CARNET TIR № (егер қолданылса) 2
    3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат
    3.1. Тіркеу нөмірі
    Сүйрегіш/жүк автокөлігінің
    Жартылай тіркеменің/тіркеменің
    3.2. Аспа жүйесі
    Сүйрегіш/жүк автокөлігінің
    ☐ әуедегі
    ☐ механикалық
    ☐ басқаша
    Жартылай тіркеменің/тіркеменің
    ☐ әуедегі
    ☐ механикалық
    ☐ басқаша
    1 мысалы: жүкқұжат CMR №
    2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес

    Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болса)

    ______________________________________________________ (қысқартусыз көрсету)

    Менің дербес деректерімді Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________________________

    (Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________)жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге ақпараттық жүйелерде қамтылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беруге келісім беремін.

    Ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Қолы____________________ 20 ____ жылғы «____» _____________

    Қазақстан Республикасының аумағында

    жүк көлігі құралдарын өлшеудің

    халықаралық сертификатын қолдану

    және «Жүк көлік құралдарын өлшеудің

    халықаралық сертификатын беру»

    мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Жүк кө­лік құ­рал­да­рын өл­ше­удің ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­ка­тын бе­ру
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    3
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
    «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Бір жұ­мыс кү­ні
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жүк кө­лік құ­рал­да­рын өл­ше­удің ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­ка­ты неме­се осы мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­та­ры тіз­бе­сі­нің 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Ақы­сыз.
    8
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс­сыз және ме­ре­ке күн­де­рін­сіз, тәу­лік бойы;
    2) пор­тал­да – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­ті мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі мен мә­лі­мет­те­рі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге – өті­ніш;
    2) пор­тал­да:
    пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да www.​gov.​kz, Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің бө­лі­мі, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лі­мін­де Ми­ни­стр­лік­тің ме­кен­жайы: 010000, Аста­на қа­ла­сы, Қа­бан­бай ба­тыр даң­ғы­лы 32/1, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы: kense.​kattk@​tra​nspo​rt.​gov.​kz, (8-7172) 98-37-53 те­ле­фо­ны неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стрі­нің бло­гы­на «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стрі­нің бло­гы» па­ра­ғы) ор­на­лас­қан.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 13 қыркүйектегі

    № 297

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    аумағында ірі габаритті және ауыр

    салмақты жүктерді тасымалдауды

    ұйымдастыру және оны жүзеге асыру

    қағидаларына

    4-қосымша

    «Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
    Ауыр сал­мақ­ты және (неме­се) ірі га­ба­рит­ті ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өту­іне ар­найы рұқ­сат бе­ру
    1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру;
    2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру;
    3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту.
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­тетiнiң аумақ­тық ор­ган­да­ры және Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ше­ка­ра­сы­мен тұспа-тұс ке­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын өт­кі­зу пункт­те­рін­де, сон­дай-ақ та­у­ар­лар­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зу­дің өзге де орын­да­рын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    3
    Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру тә­сіл­де­рі
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру – құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бе­ру:
    та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет болған жағ­дай­да – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет бол­ма­ған жағ­дай­да – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    ав­то­көлiк құ­ра­лы та­би­ғи неме­се тех­но­ген­дiк си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою үшiн жұ­мысқа тар­ты­л­ған жағ­дай­да – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы ауыр сал­мақ­ты және (неме­се) iрi кө­лем­ді көлiк құ­рал­да­ры­ның жүрiп өту­іне ар­найы рұқ­сат (бұ­дан әрі – ар­найы рұқ­сат) (бес жұ­мыс кү­ні ішін­де алым­ды тө­ле­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ке­ліп түс­кен сәт­тен ба­стап) не бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту –
    1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ар­найы рұқ­сат;
    2) құ­жат­тар­ды одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту;
    3) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап;
    4) бұ­дан бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру;
    5) ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ну мер­зі­мін ұзар­ту.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің түп­нұс­қа­лы­ғын пор­тал­да тек­се­ру­ге бо­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі пай­да­ла­ну­шы ка­би­не­тіне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­м­ен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден өн­ді­рі­ле­тін тө­лем мөл­ше­рі және оны өн­ді­ру­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­ла­ры­мен көз­дел­ген тә­сіл­де­рі
    1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру:
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Ірi кө­лем­ді және (неме­се) ауыр сал­мақ­ты отан­дық және ше­тел­дiк ав­то­көлiк құ­рал­да­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы жүрiп өтуі үшін алым (бұ­дан әрі – алым) «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы 3-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке тө­ле­не­ді.
    2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру - те­гін түр­де.
    3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту - те­гін түр­де.
    8
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Өті­ніш де­ма­лыс (сен­бі және жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 16.00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі мен мә­лі­мет­те­рі
    Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, же­ке кә­сіп­кер­ді және заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы құ­жат­тар, жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар, ірi кө­лем­ді және (неме­се) ауыр сал­мақ­ты отан­дық және ше­тел­дiк ав­то­көлiк құ­рал­да­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы жүрiп өтуі үшін алым со­ма­сын бюд­жет­ке тө­ле­ге­нін рас­тай­тын құ­жат (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­да) мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
    1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: Ми­ни­стр­лік­тің – www.​gov.​kz «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті» бө­лі­мі­нің «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лім­де;
    2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777.
    3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ-сы болған шар­ттар­ды пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.