Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 шілдедегі №1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 01-12/353 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарынан инфекциялық ринотрахейт және вирустық диарея ауруын сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Ақши ауылының барлық ішкі көшелері мен аулаларынан шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақши ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 шілдедегі №1«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ақши ауылдық округі әкімі
А. Қалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.