«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қыркүйек 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң

    жинағында жариялануға тиiс

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

    Тәртіптік жарғыға 1-қосымшада:

    екінші бөлікте:

    5) тармақшаның екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойынға қатысуы және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылыққа бәс тігу әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық болып табылады;».

    2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.