Карантинді алу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №15-4-1/447 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі, Ынталы ауылының Сарықыз, Дубовка, Жамбасқұдық, Назар атауларымен белгіленген жайылымдары аумағында белгіленген эпизоотиялық лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 21 ақпандағы №1 «Карантин белгілеу туралы» шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ынталы ауылдық округінің әкімі
Н. Төребек
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.