Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 4 қыркүйек 2024 ж.
Көшеге қайта атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Әйтеке би кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің Промзона көшесі Томирис есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кентінің әкімі
А.Абиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.